Сценарий мақсаты: оқушы бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлау, өз ата – бабасын ұмытпай сақтау үшін және салт – дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, жақсы мен жаманды ажырата білуге аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.
Сабақтың безендірілуі: 1. Плакатқа жазылған өлең жолдары, мақал-мәтелдер;
2. Фотокөрме «Қариясы бар үй қазына»
3. «Қариясы бар үй қазына» тақырыбындағы эссе көрмесі;
4. Қарттар үйінен видеосюжет.
Фотокөрме мен жазылған эссеге бәйге жарияланады.
Н. Тілендиев «Ата толғауы» күйі ойнап тұрады
1-Жүргізуші: 1990 жылы 14 желтоқсанда 1 қазанды Халықаралық қарттар күні деп жариялады. Биыл міне, Халықаралық қарттар күні мерекесіне 26 жыл толғалы отыр.