Коучинг тақырыбы: "Cындарлы оқыту теориясын негізге ала отырып оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жолдары"
Коучинг жүргізген: Бопаева А. Б. Жанында интернаты бар А. Үкібаев атындағы орта мектебінің
орыс тілі мен әдебиет мұғалімі (бірінші деңгей)
Жалпы мақсаты
Cындарлы оқыту теориясы негізінде оқушыларының функционалдық сауаттылығын тиімді жолдарын іздестіру, коучинг барысында алынған білімді өз тәжірибелерінде қолдана білуге мүмкіндік беру.
Күтілетін нәтиже
1. Мұғалімдердің сындарлы оқыту теориясы негізінде функционалдық сауаттылық туралы білімі кеңейеді.
2. Сауаттылықты дамытудың тиімді жолдарын анықтайды.
3. Мұғалімдер тәжірибе алмасады.
Түйінді идея
1. Функционалдық сауаттылық
2. Функционалдық сауаттылықтың негізгі тетіктері
Сілтеме
1. 2012-2016 жылдарға арналған оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың іс-шаралар жоспары
2. Презентация "Функционалдық сауаттылық - уақыт талабы"
Ресурстар
компьютер, флипчарт, маркер, магнит,тақта, А-3, шарлар
Коучинг барысы
Кезеңдер
Уақыт
Коуч пен қатысушылардың іс-әрекеті
Ұйымдастыру
1 мин
Суреттер қиындысы бойынша 4 топқа бөлу
Жағымды ахуал туғызу. Тренинг
4 мин
"Екі өтірік, бір шындық" тренингі, шарты түсіндіріледі
Шеңберде тұрған қатысушы өзіне байланысты екі шындыққа жанаспайтын және бір ақиқат сөз айтады. Мысалы, "Мен ҚРБҒ министрімін, жақында президентке кеңесші болуға шақырылдым және екі баланың анасымын"
"Түсініктер айналымы"
5 мин
Топтарға функционалдық сауаттылықтың индикаторлары жазылған парақшалар таратылады. Әр топ бір түсініктен жазып, жалғастыру үшін сағат тілімен келесі топтарға береді. Әр топ барлық индикат
Страницы: 1 | 2 > >>