Cөйлейтін текше

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>


Білім беру саласы: "Коммуникация"
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: "Cөйлейтін текше" (дидактикалық ойын) Тілдің дыбыстық мәдениеті
Мақсаты: Балалармен бірге "а, ә" дауысты дыбыстарын қайталау. Дауысты "о,ө" дыбыстарын айтуға үйрету. Есту зейінін жетілдіру. Дауыс және артикуляциялық аппараттарды дамыту.
Көрнекіліктер: суреттер жапсырылған текшелер.
Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, сұрақ-жауап, өлең жаттату, ойын ойнату.
Сөздік жұмыс: өрік, ою, таңғалады, тамсанады.

Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс- әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушылық
Шаттық шеңбері:
Қане, қане тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық
Тұрсақ, егер шеңберге
Алақанды ұрайық.
Сол жақтағы балаға.
Шапалақта, шапалақ,
Шапалақта шапалақ.

Шаттық шеңберін құрады. Қимыл қозғалыспен көрсетеді.
Ұйымдастыру-іздестіру
Топқа суреттер жапсырылған екі текшені әкелу. Балаларға текшелердің сиқырлы екендігін айту. Бірінші текшені айналдырып айту:
Айналдырып текшені
Біз атаймыз бейнені, -
Балаларға бірінші текшенің қырларына жапсырылған суреттерді көрсету.
(алма, қуыршақ Әйгерім, әже, аю).
Мынау кім?
Әйгерім қандай ?
Әйгерім ән айтқанды жақсы көреді. Кәне, Әйгерімнің әнін естеріңе түсіріңдер.
Мынау кім?
Бұл Әйгерімнің әжесі ме?
Мынау не?
Сендер алманы жақсы көресіңдер ме?
Мынау не?
Балалар, аю- Әйгерімнің сүйікті ойыншығы. Кәне, аюдың әнін есімізге түсірейік.
Кәне, барлығымыз Әйгеріммен аюдың әндерін қайталайықшы.
Екінші сиқырлы текшені балаларға көрсетіп оны айналдырып:
Айналдырып текшені
Біз атаймыз бейнені,- деп айтады. Балаларға екінші текшенің қырларына

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: