Сабақтың тақырыбы: Хабарлы сөйлем
Сабақтың мақсаты: хабарлы сөйлемнің айтылу мақсатымен таныстыру, сөйлемдердің ара жігін ажыратып, тыныс белгісін дұрыс қоюға дағдыландыру.
Міндеттері: 1. Сөйлемдердегі сөздерді дұрыс байланыстыра білуге үйрету, сөйлемді тиісті дауыс интонациясын сақтап айтуға дағдыландыру, сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру.
2. зейіндері мен есте сақтау қабілеттерін дамыту, қазақ тілі сабағына қызығушылықтарын арттыру.
3. өз беттерінше жұмыс істей білу дағдыларын арттыра отыра патриоттық тәрбие беру.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік,топтастыру , Венн диаграммасы, АКТ
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, шығармашылық тапсырма, слайд, видео.
І. Ұйымдастыру бөлімі
- Сабаққа қажетті құралдарын әзірлеу
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Өткен тақырыптарды қайталау. "Бәйге" ойыны.
Сөйлем дегеніміз не?
Сөйлемнің түрлері қандай?
Мәтін дегенміз не?
Мәтіннің түрлерін атап шық.
У дыбысы қашан дауысты , қашан дауыссыз болады?
ІІІ. Жаңа сабақ
- Мен қазір сендерге бір мәтін оқыймын. Сендер оны мұқият тыңдандар.
Біздің сыныпта 23 оқушы оқыйды. Оның12 - і ұл, 11 - і қыз. Балалардың бәрі ақылды. Сабақтан қалмайды. Мұғалімді сыйлайды. Сабақта тыныш отырады.
Мәтін не туралы болды?
Оны мәтіннің қай түріне жатқызуға болады?
Мен қандай тыныс белгісімен аяқталатын сөйлемдер айттым? (нүкте)
Ендеше осы сөйлемдерді хабарлы сөйлем дейміз. Сонда хабарлы сөйлем дегенді қалай түсіндіруге болады? (ережені қорытып шығару) Бүгінгі өтетін сабағымыз "Хабарлы сөйлем" деп аталады.
- Оқулықтағы ережені хормен оқыту.
- Бірдеңе жайында хабарлау мақсатымен айтылған сөйлемді хабарлы сөйлем дейміз. Хабарлы сөйлемнің соңына
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>