> Күпі - ұлттық сырт киім. Күпі әрі жеңіл, әрі жылы болғандықтан, оны ерлер де, әйелдер де, балалар да кие берген.
Құлақшын - ерлердің бас киімі.
Ішік - қазақтың ұлттық киімдерінің бірі, оны елтіріден,әр түрлі аң терілерінен тігеді, сырты матамен тысталады. Оны әйелдер де, ерлер де киген.
Қамзол - әйелдер ұлт киімінің бір түрі, оны көйлек сыртынан киеді.
Шәлі - әйелдерге арналған киімнің бірі .
Шекпен - жүннен тоқылатын сырт киім. Шекпен тек қана түйе жүнінен тоқылады.
Әйел киімі Ерлер киімі
Сергіту сәті.
-Қазір мен сөйлемдер оқимын,егер сөйлемім аяқталған ойды білдірсе,қол соғамыз. Аяқталған ойды білдірмесе,қол соқпаймыз. Бастадық:
1. Оқушы сабақтан кешікпейді (шапалақтау)
2. Әсем - әдепті оқушы. (шапалақтау)
3. Жалғыз аяқ жолмен . . .
4. Болат күшікті үйге әкелді. (шапалақтау)
5. Біздің мектеп әдемі. (шапалақтау)
6. Жексенбі күні . . .
173-жаттығу ауызша орындату. Хабарлы сөйлем екенін дәлелдей отырып, достық туралы балаларға әңгімелету.
Шығармашылық тапсырма. Ойды шынықтыруға арналған тапсырма. Орны ауысқан сөздерден сөйлем құрастыру.
А) Әсел, айтады, ән, Отан туралы.
Ә) Болат, тартады, домбыра.
Б) Концерт, қоясыңдар, ма, сендер.
В) Қандай, керемет, даусы.
V. Сабақты бекіту. Терме диктант. Қай сөйлем аяқталған ойды білдіріп тұр? Тыныс белгісін қойып көшіріп жаз.
1. Аязды күні торғайлар
2. Біздің сынып
3. Алмат сабақтан кешікпейді
4. Жексенбі күні
5. Болат күшікті үйге әкелді
6. Жалғыз аяқ жолмен
- Сөйлем дегеніміз не?
- Хабарлы сөйлем дегеніміз не екен?
- Хабарлы сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады?
- Хабарлы сөйлемге мысал келтіру.
- С
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>