Cупермама

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Музыка әуенімен балалар залға кіреді.
Жүргізуші: -Құрметті қонақтар,ата-аналар,әріптестер! Аналар мерекесіне арналған "Супер мама" сайысына қош келдіңіздер! Сайысты бастамас бұрын ересек топ балаларының аналарына дайындаған концерттік бағдарламасын тамашалаңыздар.
Ана-өмір,қолдаушысы әлемнің,
Шаңырақтың шаттығы мен шуағы.
Сейілмесін жанарынан ананың
Тіршілікке төккен нұрлы шуағы.
Аялайық аналарды әрдайым,
Қуанышқа бөлейікші өздерін.
Әжелердің,аналардың, қыздардың
Мұң шалмасын күлім қаққан көздерін.
Жүргізуші: Ана деген өмірдегі ұлы есім,
Бақ тілесе анадай-ақ тілесін.
Ана деген ардақты ат,сен оны
Ана жайлы ән тыңдасаң білесің.
Хор: "Ақ мамам"
Енді балалардың аналарына арналған тақпақтарын тыңдаңыздар.
Бексұлтан: Құтты болсын,ардақты ана,
Асыл анам,мерекең.
Құтты болсын теңдік алған
Қуанышты берекең.
Назерке: Бәрімізге анасың,
Біз үшін күн боп жанасың.
Құтты болсын мейрамың,
Құттықтаймын анашым!
Мирас: Аналарды сүйеміз,
Ақылын ойға түйеміз.
Әжелерді ардақтап,
Әдеппен бас иеміз.
Гүлназ: Теңдесі жоқ данасың,
Арқа тұтар панасың.
Еңбегіңді ақтайын,
Аман болшы анашым!
Санжар: Баланыңда тірегі,
Даланыңда тірегі.
Шаршамасын ешқашан,
Аналардың жүрегі.
Бағлан: Достықты біз ойлаймыз,
Бірге күліп ойнаймыз.
Қыздарды да құттықтап,
Мерекесін тойлаймыз.
Би: "Вальс"
Рома: Бізді өсіріп баптаған,
Жақсы болса шаттанған.
"Алтыным" деп мақтаған,
Айналайын ақ анам!
Юстина: Ана-өмір шырағы,
Ана-өмір бұлағы.
Бесігімнің жыр- әні,
Жүрегімде тұрады.
Расул: Күлімдеген көзі,
Күннің нұрындай.
Ұлым деген сөзі,

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: