Cупермама

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

r/> Ақын жырындай.
Диана: Әлпештеген баласын,
Ана-бақыт,ана-күн.
Әркім сүйіп өзінің,
Мақтан етер анасын.
Иван: Мерекесі бүгін,
Алтын анамның.
Сыйлайыншы гүлін,
Жарқын даламның.
Ертегі сахналау "Ақымақ тышқан"
Расул: Әр сөзіңді жаттағам,
Жүрегімде сақтағам.
Анашым деп мақтанам,
Айналайын ақ анам.
Жүргізуші: Бүгінгі мереке күні әжелерімізді де мерекелерімен құттықтаймыз.
"Қариясы бар үйдің,қазынасы бар" деп бекер айтпаған. Келесі
құттықтауларымыз сіздерге арналады құрметті әжелер.
Адияр: Әжемді мейрамымен құттықтаймын,
Айтатын ән,беретін гүлім дайын.
"Әжетай сені жақсы көремін" деп,
Ақырын құлағыңа сыбырлайын.
Данияр: Әже деген көп шығар,
Әжемдей менің жоқ шығар.
Мейірімді ол кісі,
Қандай ғажап күлкісі.
Хор: "Әжем"
Ән: "Анаға сыйлаймыз" Орындайтын: Арсен,Гүлназ,Адияр.
Балалар аналарына өз қолдарымен жасаған сыйлықтарын табыс етті.
Балалар хормен: Ана біздің күніміз,
Ананың біз гүліміз.
Балаларды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз!
Құрметті ата-аналар, апайлар осымен балалардың аналарға арналған концерттік бағдарламалары аяқталды енді "Супер мама" сайысымызды бастаймыз
Ортаға сайысқа қатысатын ата-аналарды шақырамыз.
1. Айтуғановтар отбасы
2. Нығыметуллиндер отбасы
3. Бекбауовтар отбасы
Жүргізуші:-Құрметті "Супер мама" сайысына қатысушы ата-аналар сайыстың бөлімдерімен таныс болыңыздар.
1. "Өзім туралы мәлімет". Таныстыру кезеңі;
2. "Өнерлі өрге жүзер". Өнер көрсету кезеңі;
3. "Шебердің қолы алтын". Моншақ тізу кезеңі;
4. "Кімнің ойы ұшқыр". Қимылмен іс-әрекет көрсету

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: