Сабақтың тақырыбы: Cимволдық айнымалылар.
Бағдарламалық-дидактикалық қамсыздандыру: TurboPascal, жұмыс дәптері,
интерактивті тақта.
Сабақтың мақсаты: Символдық айнымалыларды түрлендірудің функция-лары мен процедураларын қолданып, мәтіндерді түрлендіру программасын құра білу дағдысын қалыптастыру. Символдың ASCII кодын және керісінше кодқа сәйкес символ табудың стандарт функцияларын қолдана білуге үйрету.
Сабақтың типі: практикалық сабақ
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі (Оқушылармен амандасу, тексеру).
Өткен сабақты еске түсіру мақсатында пысықтау сұрақтары:
Паскальда қандай құрылымдық типтер бар?
Жиым деген не? Жиымның қандай түрлері бар?
Паскальда жиым қалай сипатталады?
Бірөлшемді жиымды енгізу және шығару қалай жүзеге асады?
Екі өлшемді жиымды енгізу және шығару қалай жүзеге асады?
Квадрат матрица деген не?
Квадрат матрицаның негізгі және қосалқы диагональ элементтерінің шарты қандай?
Матрицаны транспонирлеу деген не және ол қалай жүзеге асырылады?
Паскалда символдар тізбегін жол /литер/ /строка/ дейді. Сөздермен, символдармен жұмыс істейтін шамаларды жолдық немесе литерлік шамалар д. а. Паскалда жеке таңбаның типі CHAR деп аталды. Ал, жолдың типі STRING д. а.
chr(x) – x коды бойынша таңбаны анықтайды.
Char – айнымалының мәні жеке символ болатынын білдіретін тип,
String - айнымалының мәні сөз/сөйлем екенін білдіретін тип, мәндегі символдар саны 256-дан аспауы керек.
Text - мәтіндік тип, файл аттарын белгілеуде қолданылады.
Мәні символ (әріп, цифр, таңба) болатын айнымалы символдық айнымалы деп аталалды.
Символдық айнымалыларды түрлендірудің стандарт функциялары.
1. Length (a) – функциясы а символдық айнымалының ұзындығын табады. Функция нәтижесінде бүтін са
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>