саналды. ХV ғасырдың бірінші жартысында Чехия жерінде феодалдық езгіге қарсы Ян Гус басқарған халықтық көтеріліс басталды. Бірақ қатал дін шырмауындағы халық жеңіске ұшырады. ХVІ ғасырдан бастап Чехия жері Австриялық Габсбург әулетінің қол астына өтті. 1620 жылы Габсбургтерге қарсы көтеріліс жеңіліске ұшырағаннан кейін, Чехия 1918 жылға дейін тәуелсіздігінен толық айырылды. Осы жылы Австро-Венгрия ыдырағаннан кейін, Прагадағы Ұлттық кеңес құрамы Чехия мен Словакиядан тұратын жаңа мемлекеттің құрылғанын жариялады. Тек қана 1993 жылы 1 қаңтардағы федерациялық жиын шешімі бойынша Чехия жеке егеменді ел болып, құрамындағы Словакиядан бейбіт жолмен бөлінді. Чехия 1993 жылдан БҰҰ-ның (Чехословакия 1945 жылдан мүше) мүшесі, 1990 жылдан ЕО-ға мүшелікке үміткер болып, 01. 05. 2004 кірді, 1999 жылдан НАТО-ның мүшесі. (слайд 15)
4. Төртінші беті -- "Табиғаты".
Мұғалім: Егер Чехия елінің табиғат жағдайлары және табиғат ресурстарының игеруі жайлы білгіңіз келсе, сөз кезегін Айданаға берейік. (слайд 16)
Оқушы:Чехия жері түгелімен дерлік Орта Еуропаның аласа таулы бөліктерін алып жатыр. Олар: солтүстігінде Рудный (Крушне) және Судет таулары; шығысында Орлик және оңтүстік-шығысында Карпат таулары; оңтүстігінде Шумава және оңтүстік-батысында Чех орманы аласа таулары. Чехияның климаттық жағдайы өте қолайлы. Жаз аса ыстық емес, ауаның орташа температурасы 21 0С шамасында, күз қазан айынан басталады. Қыс жылы, көбінесе қар жамылғысы тұрақты емес. Аса қатты аязды күндері температура -15 0С-қа дейін төмендейді, бірақ мұндай құбылыс 10 жылда бір рет қайталануы мүмкін. Қысқы орташа ауа температурасы 0 0С градус шамасында. Мұндай климаттық жағдайдың қалыптасуы жан-жағынан аласа таулармен қоршалып жатуына байланысты. Жылдық орташа жауын-шашын мөлшері жазық жерлерде 550
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 | 6 > >>