Ч дыбысы мен әрпі

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>



Абдрахманова Тұмар Ақылбайқызы
Ақмола облысы Қорғалжын ауданы
"Амангелді орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің
бастауыш сынып мұғалімі




Сабақтың түрі: Ашық сабақ
Пәні: Әліппе.
Сыныбы: 1
Сабақтың тақырыбы: Ч дыбысы мен әрпі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға ч дыбысы мен әрпін таныту, ол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға үйрету. Дыбыстық талдау жасау арқылы дыбыс түрлерін қайталау. Сауатты жазуға үйрету.
Дамытушылық: ч дыбысына қатысты жаңа сөздерді оқыту арқылы оқушылардың білімі мен тілін дамыту, сөздік қорларын молайту.
Тәрбиелік мақсаты: Еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, ойын.
Түрі: жаңа сабақ
Көрнекілігі: электронды оқулық, интерактивті тақта, кеспе әріптер, оқулық, ойындар, көкөніс муляждары.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанамыз бәріміз,
Арайлап атқан күнге!
-Осы қуаныш сезімімізбен сабағымызды бастайық.
Ойын. " Қоржындағы қандай зат?" ойыны арқылы оқушылардың назарын сабаққа аудару. (көкөніс муляждары)
а) Білімдерін тексеру. Үй тапсырмасын тексеру.
1 -Дыбыс пен әріптің айырмашылығы қандай?
2 -Қандай сөздер бас әріптен басталып жазылады?
3 -Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады?
4 -Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?
-Ол қандай дыбыс?
5 -Э дыбысына байланысты қандай сөздер білесің?
6 -Э дыбысына берілген мәтіннің бір сөйлемін оқы.
7 -Э дыбысына берілген мәтіннің бір сөйлемін оқы.
8 -Э дыбысына берілген мәтіннің бір сөйлемін оқы.

Жаңа сабақ.
Оқушыларды ч дыбысымен таныстыру.
Ч дауыссыз дыбыс. Ч дыбысы орыс тілі а

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: