Cабақтың түрлері, құрылысы

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Күні : айы: Бекітемін:
Сабақтың тақырыбы: Сабақтың түрлері, құрылысы
Сабақтың мақсаты:.
1. Тіршілік ету сипатына қарай өзгеріске ұшыраған сабақ түрлерін сипаттама беру
2. Оқушылардың ой өрісін, танымдық қабілеттерін дамыту.
3. Жауапкершілікке, табандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, электронды плакаттар.
Сабақтың әдісі: көрнекі баяндау, талдау, салыстыру.
Сабақтың барысы: 1 ұйымдастыру.
2. үй тапсырмасын тексеру
3Жаңа сабақты түсіндіру.
Сабақтың қызметі мен түрлері
Сабақ - өсімдіктің жер асты мүшелері мен жер үсті мүшелерін жалғастырып тұратын орталық тірек. Қызметі: 1) сабаққа - бүршік, жапырақ, гүл, жеміс бекінеді; 2) қоректік заттар сабақ арқылы қозғалады; 3) органикалық заттар қорға жиналады; 4) көбеюге қатысады.
Өсімдік сабақтары шөптекті, ағаштекті немесе сүректі болып бөлінеді.
Сабақтың түрлері өсу бағытына байланысты тік, жатаған, шырмалғыш, өрмелегіш, жабысқақ, қысқарған сабақ деп бөлінеді
Тік сабақты өсімдіктерге жүгері, бидай, терек, емен, қайың және т. б. жатады.
Жатаған сабақтар (желі сабақ) өте әлсіз, жұмсақ. Жер бауырлап жатады. Мұртшалары арқылы ұзарып өседі. Мұртша да желі сабақ тобына жатады. Мұртшаның желі сабаққа қарағанда буынаралықтары ұзын және топыраққа жанасқан жерінен қосалқы тамыр шығады (құлпынай). Желі сабақтың буынаралықтары қысқа. Топыраққа жанасқан жерінен тамыр шықпайды (асқабақ, қияр, қауын, қарбыз).
Шырмалғыш сабақтар нәзік болғандықтан айналасындағы өсімдіктерге шырмалып өседі (шырмауық, құлмақ), мұртшалары болмайды.
Өрмелегіш және жабысқақ сабақтар. Өрмелегіш сабақтар - мұртшасы арқылы басқа өсімдікке жабысып, өрмелеп өседі (асбұршақ, жабайы бұршақ, жүзім және т. б. ). Бұлардың сабақтары сүйенетін

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: