ардан түзіліп, камбий аймағын құрайды. Барлық жасушалары бөлінуге қабілетті. Камбий жасушалары қыста бөлінбейді. Көктем шығысымен қарқынды бөліне бастайды. Камбий жасушаларының бөлінуінен ағаштар жыл сайын жуандай береді. Камбийден жылдық қабаттар (шеңберлер) түзіледі. Шеңбер саны арқылы ағаштардың жасын ажыратуға болады.
3. Сүрек - сабақтың едәуір бөлігін алып жататын камбийден кейін орналасатын қабат. Жасушаларының пішіндері мен мөлшері біркелкі емес. Ұзын, жіңішке жасушалары қосылып, түтікше құрайды. Түтікшенің айналасын беріктік қасиет беретін қалың қабықшалы сүрек талшықтары қоршайды. Камбий жасушалары дамылсыз бөлінетіндіктен, ағаш діңі жуандап өседі.
4. Өзек - сабақтың орталық бөлімі. Жас өркенде жасушалары тірі болғандықтан, органикалық заттар қорға жиналады. Өзек жасушалары өзек сәулелерін құрайды. Өзек сәулелерінің жасушалары сабақтың барлық бөлімдерін бір-бірімен байланыстырады. Қоректік заттар өзек сәулелері арқылы сабақтың басқа қабаттарына жеткізіледі. Өзек сәулелері де камбийден түзіледі.
Сабақты қорытындылау
А 1. Сабақ қандай қызмет атқарады? 2. Сабақтың түрлерін атаңдар.
В 1. Сабақтың ішкі құрылысындағы қабаттарды сипаттаңдар. 2. Жасымықша қай қабатта орналасқан, қандай қызмет атқарады?
С 1. Өзек қандай қызмет атқарады? 2. Қабық бөлімдерін, атқаратын қызметін талдаңдар.
Біліміңді тексер.
Берілген өсімдік тізімінен сабақтың қай түріне жататынын анықтап тұсындағы санын тиісті бағанына жазыңдар.
Тік
Жатаған
Өрмелегіш
Шырмалғыш
Қысқарған
1. Қияр. 6. Бақбақ.
2. Жабайы бұршақ. 7. Үрмебұршақ.
3. Құлмақ. 8. Күріш.
4. Пияз. 9. Шырмауық.
5. Қайың. 10. Асқабақ.
7-зертханалық жұмыс.
Сабақтың ішкі құрыл
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>