тапсырмаларымды орындасандар ғана кілтті табасындар дейді. Енді не істейміз, балалар?
-Сен мұнайма, Буратино. Біз балалармен саған көмектесеміз. Оның тапсырмаларың орындап береміз. Солай ма, балалар?
-Ия.
Балалар орындарына отырады.
1 тапсырма:
Слайд бойынша тапсырма: Арманың оң және сол жағында, алдында және артында қандай ойыншықтар жатыр?
2 тапсырма: "Уақытты белгіле"
Суретте тәуліктің қай уақытты бейнеленген?
Тәрбиеші жұмбақпен жасырады:
Қай уақытта біз тұрамыз?
Төсегімізді жинап, беті қолды жуамыз? (таңертен)
Біз тәртіпті боламыз, сабақты да оқимыз. Серуенге шығамыз,қыдырамыз. Бұл қай кезде болады? (күндіз)
Ойын ойнап жүргенде ата-анамыз келеді. Бұл қай уақытта болады?
(кешке)
Жарқырап жұлдыздар, демалады бар әлем. Қай уақытта болады?
(түнде)
-Балалар, келесі тапсырманы орындамас бұрын, біз сендермен қолдарымызға жаттығу жасап алайық.
Балалар тәрбиешімен бірге қолдарына "суджок"жаттығуын жасайды.
3 тапсырма: "Ұзын және қысқа"
-Балалар мына суретте Буратиноның үйі бейнеленген, бірақ ол үйге кіретін баспалдақ жоқ екен. Біз оған ең қысқадан бастап, ең ұзынға деин баспалдақ құрастырып берейік. ( Балалар атап өтеді: ең қысқа, одан ұзын, одан да
ұзын)
Сергіту сәті: Музыка әуенмен орындалады Буратиномен бірге.
4 тапсырма: "Гүлдер мен көбелектер"
Балалар сендер жаз мезгілін сағынбасын деп, сендерге мынандай гүлдер мен көбелектер сыйлағым келіп тұр. Оң қолымызбен солдан оңға қарай үстіңгі жолаққа екі гүл қоямыз. Ал астыңғы жолаққа әр гүлдің астына көбелек қондырамыз. Қанша гүл болды?(екеу) Қанша көбелек болды? (екеу) Олардың сандарына не болды? (тепе-тең, бірдей, қанша гүл, сонша көбе
Страницы: << < 1 | 2 | 3 > >>