" Ассоциация ромб "Ортаға ромб салынып, ішіне мәтіннің тақырыбы не эпизод жазылады. Сол жағына мәтіннен фраза, сөз, сөз тіркесі, оң жағына сезім,образдар жазылады.
Графикалық диктант.
Оқылған сөйлем дұрыс болса белгісін қою керек, қате болса - белгісін қою керек.
"Ментальды карта" әдісі.
Тақырып жазылған плакат таратады. Аталған тақырыпта оқушылар жалпы түсініктерін жазып, басқа топтармен салыстыра отырып, тақтада қорғау керектігін айтады.
"Екі шындық, бір өтірік"
Оқушыларға өзі туралы екі ақиқат және бір шындыққа жанаспайтын пайым даулар айту ұсынылады.
КЛАСТЕРЛЕР. Идеялар мен ақпараттардың арасындағы байланыстарды айқындауға арналған жазба кестелер. Негізгі тақырып немесе тірек тақтаның ортасындағы шеңберге жазылады да, одан туындаған тақырыпшалар оның жан-жағына жазылып, шеңберленеді, оқушылар оларды бір-біріне қосады да, өзара байланыстыру туралы.
"Бақылау немесе тест"
Бұл әдіс оқушылардың тақырыпқа сәйкес мағлұматтарды білу деңгейін немесе олардың тақырыпқа көзқарасын анықтауға көмектеседі. Қатысушылар жауаптарының нұсқасын тиісті бағаналарға ("дұрыс", "дұрыс емес", "келісемін", "келіспеймін", "білмеймін") белгілейді.
Мысалы:
дұрыс
дұрыс емес
білмеймін
АҚТҚ маса шаққанда жұғады
"Броундық қозғалыс"
Оқушылар бүкіл сынып ішінде қозғала жүріп берілген тақырып бойынша ақпарат жинайды.
"Тірек мәтін"
Мұғалім жеке оқушыға, жұпқа немесе топқа тақырып бойынша бірнеше сұрақ береді. Олар жазба түрінде жауап жазады. Жауап бере отырып, оқушылар осылай өтілген тақырыпты
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>