ң тірек конспектін жасайды.
"Фрейер моделі"
Бұл жерде мәтіннің ішіндегі түйінді сөздерді алып, түйінді сөздерге анықтама беріледі, оның антонимдерін, синонимдерін, сөйлемде қалай орналасқанын анықтайды.
"FILA" кестесі
І- нұсқасымен жұмыс. Оқушылар топтарға бөлінеді. Барлығына бір мәтін беріледі. Сол мәтін бойынша арнайы кестені толтырады. Кесте 4 бағаннан тұрады:
1. Мәтін ішінен түйінді сөздерді теріп жазу.
2. Мәтін бойынша сызба түрінде конспект жасау.
3. Мәтін бойынша сұрақтар құрастыру.
4. Мәтіннің ішінен негізгі идеясын бейнелейтін сөйлемдерді теріп жазу.
"Борт журналы"
5-10 минут мұғалім бүкіл аудитория бойынша дәріс оқиды. Оқушылар 20 минут ішінде өз "борт журналдарын" толтырады (түйінді сөздер, суреттер, тәжірибемен байланыстыра отырып. Оқушылар жұпта, сосын топта өз журналдарының мазмұнын талқылайды, бір-бірінің сұрақтарына жауап береді, түсінбеген жағдайларда - мұғалімнен кеңес алады. Мұғалім бүкіл сыныппен "борт журналдарын" талқылайды, жалпы сұрақтарға жауап береді.
"Баяндама"
Мұғалім оқушыларға мәтінді оқуға, соңынан оның мазмұнын сурет, сызба түрінде беруді ұсынады. Бұл "шпаргалканы " оқушы оң жағындағы көршісіне береді. Енді әрқайсысы өз көршісінің суреттерін немесе сызбаларын қолдана отырып, осы мәтін бойынша "баяндама" жасайды. "Баяндама" мазмұнын неғұрлым кең ашып, оны қорғап,
ең жақсы көрнекі құрал ұсынған оқушы жеңімпаз болады.
"Өзіңізді тексеріңіз"
Бұл мәлімет шындық па немесе жалған ба?
Үш түрлі мәлімет беріледі,дұрыс жауап арқылы мәліметтің
шындық немесе жалған екендігін оқушы өзі тексереді.
"Тәртіппен орналастыру"
Жұмыс жаса
Страницы: << < 1 | 2 | 3 > >>