Бұрыш. Бұрыштың шамасы

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Сабақ жоспары
Пән: Математика 5 "А" сынып

Сабақтың : 38

Күні: 15. 10. 2015ж.

Сабақтың тақырыбы: Бұрыш. Бұрыштың шамасы.

Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгеру сабағы
Сабақтың мақсаты:
Сабақтың мәселелері
Білімділік:
Бұрыш ұғымымен, оның белгіленуі мен өлшем бірлігімен және бұрышты өлшейтін құралмен таныстыру. Транспортирдің көмегімен градустық шамасы берілген бұрышты салуды үйрету.

Дамытушылық:
Қабылдай алушылық, есте сақтау, ойлау, салыстыру, шығармашылық ізденістері мен салу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік:
Тұлғаның адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, мәдениеттілікке, ұқыпты, тиянақты болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ.
Сабақтың көрнекілігі (жабдығы): "Бұрыш және оның шамасы" атты презентация.
Транспортир.
Пәнаралық байланыс: Бейнелеу өнері.
Білім беру тәсілі: Ауызша баяндау, сұрақтар қою, жауап алу
Оқыту үрдісін ұйымдастыру түрі: Жалпы, жеке

Сабақтың құрылымы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Оқушыларды білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.
ІІІ. Жаңа білімді түсіндіру кезеңі.
ІV. Жаңа білімді меңгеру кезеңі.
V. Жаңа білімді бекіту кезеңі.
VІ. Үйге тапсырма беру.
VІІ. Сабақты қорытындылау.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Амандасу.
2. Оқушыларды түгендеу. Назарларын сабаққа аудару.
3. Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын хабарлау.
ІІ. Оқушыларды білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.
1) Кесінді дегеніміз не?
2) Сәуле дегеніміз не?
ІІІ. Жаңа білімді түсіндіру кезеңі.
Дәптер бетінде О нүктесін белгілеп, осы О нүктесінен басталатын ОА және ОВ сәулелерін жүргізейік. Сонда бұрыш д. а. фигура салынады.

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: