Бұрыш. Бұрыштың шамасы

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3  >  >>

r/>Бір нүктеден шығатын екі сәуледен құралған фигура бұрыш д. а.
Бұрышты құрайтын сәулелерді осы бұрыштың қабырғалары деп, ал сәулелер шығатын нүктені бұрыштың төбесі д. а. ОА және ОВ сәулелері - бұрыштың қабырғалары деп, ал О нүктесі бұрыштың төбесі д. а. Бұрышты "" белгісімен және үш бас әріппен белгілейді. немесе бұрышы. Бұрышты оның төбесіндегі бір әріппен де белгілейді: .

Бұрыштың өлшем бірлігі - градус (" "). Мысалы, .
Бұрыштың градустық өлшемі дегеніміз берілген бұрышта неше градустық бірлік бар екенін көрсететін сан.
Бұрышты градус есебімен өлшеу үшін транспортир қолданылады. Санақ басына сәйкес келеді. Транспортир шкаласының әрбір бөлігі -қа тең.
Транспортирмен берілген бұрышты, мысалы, бұрышын өлшеу үшін:
1) транспортирдің центрін бұрыштың төбесіне (О нүктесіне) дәл келтіру керек;
2) Бұрыштың бір қабырғасы (ОА) транспортир шкаласындағы санақ басы арқылы өтуі керек;
3) Бұрыштың екінші қабырғасы өтетін шкаладағы штрих осы бұрыштың градустық өлшемін көрсетеді: .


Суреттегі бұрышына О төбесінен юасталып, оны тең екі бұрышқа бөлетін ОС сәулесі жүргізілген. және . Мұндай ОС сәулесі биссектриса д. а.
Бұрыштың төбесінен басталатын және оны градустық өлшемдері тең екі бұрышқа бөлетін сәуле биссектриса д. а.


ІV. Жаңа білімді меңгеру кезеңі.
"А" деңгейінің есептерінен: 451, 453, 454, 455.

V. Жаңа білімді бекіту кезеңі.
1. Бұрыш дегеніміз не?
2. Бұрыштың қабырғалары, төбесі деп нені айтады?
3. Бұрыштың өлшем бірлігі қалай аталады?
4. Транспортир не үшін қажет?
5. Биссектриса дегеніміз не?

VІ. Үйге тапсырма беру.
452

VІІ. Сабақты қорытындылау.
Оқушылардың білімін бағалау.

Рефлексия. БББ
<

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: