Бос уақыт

Страницы: 1 | 2  >  >>

Индира Халимулина,
Батыр Баян атындағы мектеп - гимназиясының
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
Булаево қаласы, Мағжан Жұмабаев ауданы,
Солтүстік Қазақстан облысы.
Бос уақытым
(6 - сынып)
Сабақтың лексикалық тақырыбы: Бос уақытым
Сабақтың грамматикалық тақырыбы: Сөйлем
Мақсаты:
білімділік - оқушыларға сөйлем туралы мәлімет беру, грамматикалық ұғымдарды меңгерту;
дамытушылық - оқушылардың ойлау қабілеттерін, сөйлеу дағдыларын дамыту;
тәрбиелік - оқушылардың өз уақытын тиімді өткізуге тәрбиелеу
Сабақтың әдістері: түсіндіру, сұрақ - жауап, интерактивті, оқытудың 7 модулі, мәнерлеп оқу
Сабақтың көрнекілігі: интерактивтік тақта
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. 1 Сәлемдесу.
"Шаттық шеңбері" (Бір - бірімізге жылы лебіз білдірейік)
1. 2 Кезекшімен жұмыс
- Сыныпта кім кезекші?
- Бүгін қандай күн?
- Қазір қай жыл мезгілі
- Үй жұмысына не берілді?
ІІ. Үй жұмысын тексеру
1. 3Үй жұмысына берілген сөздерді "Ыстық орындық" ойыны арқылы тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ
1. 4 Тыңдалым (Интерактивтік тақта арқылы жаңа сөздерді тыңдау)
А) сөздердің мағыналарын түсіндіру
Ә) дұрыс айтуға дағдыландыру
Б) сөз тіркестерін құрастыру
Бос уақыт- свободное время
Ермек іс - хобби, увлечение
Әсер - влияние
Ләззат - удовольствие
1. 5 - Балалар , мәтін неден тұрады?
- Дұрыс, сөйлемнен. Ал сөйлем қандай болуы мүмкін? Бүгінгі біздің грамматикалық тақырыбымыз сөйлем.
Сөйлем

Тиянақты ойды білдіретін сөдер табы
Жайылма
Жалаң


Құрамына қарай түрлері




Тек тұрлаулы мүшелерден тұратын сөйлем
Тұрлаусыз мүшелер қатысатын сөйлем

Страницы: 1 | 2  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: