Жалаң сөйлем: Мен келдім.
Жайылма сөйлем: Ермек іс сіздерге ләззат әкеледі.
1. 6 - Оқылым.
163 бет 1-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын ашатын сұрақ құрастырыңдар.
Біз бос уақытымызда жанымызға жағатын ермек іс (хобби) тауып аламыз. Ермек істердің алуан түрі бар. Олардың барлығы тек уақытты тиімді өткізуге ғана емес, денсаулыққа да жақсы әсерін тигізеді. Естеріңде болсын, қандай ермек іспен айналыссаң да, ол әуелі саған ләззат әкелуі керек.
ІV. Сабақты бекіту. "Даналық ағашы" ойыны. Оқушылар мәтінді жылдам, бірақ мұқият оқып шығады. Әрқайсысы мәтін бойынша бір сұрақ құрап, қағазға жазады. Жүргізушінің қолындағы сандықшаға оқушылар өз сұрақтарын кезекпен салады. Әр оқушы сандықшада бір сұрақты алып оқиды да, оған жауап береді. Жауаптарының толық әрі дұрыс болуын қадағалаймын.
V. Сабақты қорытындылау
Жазылым. Оқушылар кластер толтырады.
БОС УАҚЫТ
тиімді өткізу
ермек іс
(хобби)
VІ. Рефлексия. "Мен бос уақытымды тиімді қолданамын" (қызыл стикер - тиімді, жасыл стикер - тиімсіз).
Тиімді Тиімсіз
VII. Бағалау
VIII. Үйге тапсырма. 163 бет 1 - тапсырма, ережені жаттау.
Страницы: << < 1 | 2