Сабақтың тақырыбы: Нәтиже сабақ ( жыл мезгілдеріне).
Грамматикалық тақырып: Болымсыздық етістікті қайталау.
Сабақтың типі: білімді жинақтау
Сабақтың түрі: ертегі,саяхат сабағы
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі:
Оқушылардың лексикалық және грамматикалық тақырыптардан алған білмдерін нығайту. Оқушылардың өздеріне тұжырымдар жасатып, өз ойларын дәделдеуге төселдіру, танымдық қасиеттерін дамытуға мүмкіншілік жасау.
Тәрбиелігі:
1. Оқушыларды тиянақтылыққа, сауаттылыққа, ұстамдылыққа, жылдам ойлауға, мәдениетті, әдемі сөйлеуге үйрету. Табиғатты сүюге, оны қорғай білуге тәрбиелеу.
Дамытушылығы:
Өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін саралау, сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. Ой қозғау. 5 мин.
2. Негізгі тірек білімді қалыптастыру, жинақтау. 3 мин.
3. Оқушыларға білімділік қабілеттерін жүргізу тәсілдерін меңгерту. 12 мин.
4. Оқушылардың жүргізген өздік жұмыстарын бақылауға алу өзі өзін тексерту. 15 мин.
5. Іс әрекеттерін, абайын байқау. 5 мин.
6. Сабақтың қорытындысын жасау. 5 мин.
Оқыту әдістері: әңгімелеу, топпен жұмыс,өзіндік жұмыстар, ізденіс әдістері, ауызша сұрау, қайталау әдісі, салыстыру, мақтау, көтермелеу, мадақтау әдісі.
Оқыту құралдары: Презентация "Жыл мезгілдері" слайдтары, жұмбақтар, мақалдар жазылған слайдтар, көмекші карточкалар, деңгейлік тапсырмалар, коллаж құрастырма суреттері, фишкалар.
Сабақтың кезеңдері
Уақыт
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс- әрекеті
Деректі көздер
Ұйымдастыру кезеңі Психологиалық ахуал туғызу.
2мин.
Оқушылармен психологиялық сәттілік орындау.
Оқушылар амандысады.
Өлең айтады:
Сабағыңды жөндеп,
Әзірленсең еңбек.
Қиындықтың бә
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>