Сабақ тақырыбы: Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру. "Туған жер" бағдарламасы
Сабақ мақсаты: Бағдарламаның мақсат ,міндеттерімен таныстыру, әрбір адамның кіндік қаны тамған жеріне сүйіспеншілігін білдіру,өзінің тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне терең бойлай білу
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
Ой шақыру
Осы ауыл қашан пайда болды?
Ауылдың негізін кімдер, қандай жағдайда қалады?
Ауыл өз дәуірінде қандай оқиғаларды басынан кешірді?
Ауылда қандай мықты әулеттер бар? Олардың даму тарихы қандай болды?
Ауылдың атауы неге осылай аталған?
Көше атауларына кімдердің атын қойғанды дұрыс көресің?
Туған жер - адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады. Туған жер - әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмірбақи тұратын өлкесі. Осы орайда Алаш қайраткері Жүсіпбек Аймауытовтың: "Туған жердің қымбатын ғылым іздеп, кітап қарап сарылып, көзінің майын тауысқан, көшенің шаңын көп жұтқан шәкірт білмесе, кім біледі? Ыстық қой, шіркін туған жер!" деген сөзі есіме түседі.
"Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласы туралы
Елбасының бұл мақаласында қазіргі Қазақстанның басты рухани құндылықтары айқын көрініс тапқан. Бұл - мақала ғана емес, мазмұны терең, ауқымы өте кең, ұлт руханиятын ХХІ ғасыр биігіне көтеретін рухани жаңғыру бағдарламасы деуге болады. Елбасы ғылым, білім, мәдениет пен тарихты тұтастай қамтитын ұлттық рухани жаңғыру бағдарламасын халық назарына ұсынып отыр. Мемлекет басшысы ХХІ ғасырдағы жаңа ұлттың, жаңа қазақтың феноменін анықтап беріп отыр. Әрі осы жаңа дәуірдегі ұлттың рухани жаңғыру жолының алты бағдарын ұсынған.
Елбасының мақсаты - ұлттың ұлы мұраты. Ол - Ұлы Дала елінің б
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>