Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру. " Туған жер" бағдарламасы

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>

жол ашады.
"Қазақстандағы 100 жаңа есім" жобасы бүгінгі замандастарымыздың түрлі салалардағы жетістіктерін дәріптеуді қамтамасыз етеді және жастарды адамгершілікке тәрбиелеудің жарқын үлгісі болады. Бұл тапсырмалар мемлекеттің және азаматтық қоғамның барлық идеологиялық жұмысының орта мерзімді перспективадағы негізі болады.
Сондай-ақ, Елбасы өз мақаласында қазіргі жаһандану заманында ұлттық бірегейлікті сақтап қалу, өркениеттің жақсысын алып, жаманынан жирену жөнінде өте құнды пікірлер айтты. Ендігі міндет - осы айтылғандарды іске асыру жолында аянбай еңбек ету.
Ең бастысы - бағыт-бағдарымыз анық, жолымыз жарқын.
Бейнеролик көрсету

"Ұтқыр сауал- ұтымды жауап "
1. Бағдарлама неге "Туған жер" деп аталады?
2. . . . Жалпы, бағдарламаның мәні неде?

Ұлттық жаңғыру - туған жер тұтастығы мен ел болашағының негізі
"Туған жер" бағдарламасын жүзеге асыруға елім деген әр азамат үлес қосуы керек. Халқымыз "Отан отбасынан басталады" дейді. Яғни, Отанды сүюдің іргетасы алдымен туған жерге деген сүйіспеншіліктен қаланады. Сондықтан мемлекет басшысы ұсынып отырған "Туған жер" бағдарламасын көп болып, қолдап алып кету керек. Бірінші, бұл білім беру саласында ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізуді, экологияны жақсартуға және елді мекендерді абаттандыруға баса мән беруді, жергілікті деңгейдегі тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келтіруді көздейді. Патриотизмнің ең жақсы үлгісі орта мектепте туған жердің тарихын оқудан көрініс тапса игі. Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған б

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: