173 Әлия Молдағұлова атындағы орта мектеп
КУЛИМГАЛИЕВА АЙГҮЛ БАҚЫТҚЫЗЫ
бастауыш сынып мұғалімі
«білім беру жүйесінде мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі –ең басты міндеті»
Еліміздің саяси, экономикалық, мәдени, қоғамдық өміріндегі өзгерістерге сай мұғалімдер үлкен жауапкершілікті сезініп, білікті, өз ісінің шебері, бәсекеге қабілетті, кең ауқымды, жан-жақты дамыған маман болуы қажеттігі күмән тудырмайды.
Соңғы жылдары білім беру саласында мамандардың құзіреттілігін қалыптастыру туралы әр түрлі пікірлер жиі айтылуда. Құзіреттілік түсінігі білім беру саласында 1960-1970 жылдардағы шетел әдебиеттерінде, ал 1990 жылдардың соңында отандық әдебиеттерде кездесті. Кәсіби құзіреттілік, жете білушілік ұғымын енгізудің қажеттілігі оның мазмұнының кеңдігімен, интегративтік сипатымен, кәсіптілік, біліктілік, кәсіби мүмкіндіктер және т. б. түсініктерді біріктіреді.
Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі емес, тарихи танымдық, педогогикалық психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев « Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелер міндет ауыр» деген болатын. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс жасап, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана, білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға саналады.
Қазіргі кезде, педагогикалық қызмет табиғатында шығармашылықты талап ететіні барлығымызға түсінікті. Адамның шығармашыл мүмкіндіктерінің дамуы тұлғаның интеллектуалды, эмоциялық, рухани потенциалының баюына, өзін-өзі жетілдіруге, танытуға ұмтылуға нақты жағдай туады. О
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>