Бізге қонаққа ұзын құлақ, сотқар қоян келді

Страницы: <<  <  14 | 15 | 16 | 17 | 18  >  >>

е тұтас қойдың етін әкеледі. Бұғылар мүйізіне іліп шелек - шелек сүт әкеледі. Түлкілер тауық пен қоян етін алып келеді, тиін мен қояндар шелек - шелек жаңғақ пен жидек теріп әкеледі. Баланың үйіне осы тағамның бәрін әкелуді өзінің ормандағы достарынан өтінген қоян еді. Ол қонақтарға өзін бала қалай асырап өсіргенін, сосын тоғайға қалай апарып қоя бергенін түгел айтады.
Аңдар әкелген тамақтарын қораға үйіп-төгеді де, жұбын жазбай, қайтадан тоғайға кетіп қалады. Таң қалған қонақтар үндей алмай, ауыздарын ашып тұрып қалады.
Әке-шешесі қуанғаннан не істерін білмейді. Ал бала ол екеуінен де бетер қуанып, қоян досына риза болады.
Ертегі «Түлкі мен қоян»
Әуелде түлкінің құйрығы жоқ еді. Құйрығының жоқтығы оған бек қатты залал келтірген, өйткені жүрген ізін жасыра алмайды. Әрдайым түлкінің артына түсіп аңдып жүріпті. Бір күні қасқыр барып оның ініне кіреді. Егерде түлкі інінің басқа жағындағы аузынан шығып кетпесе өлтіріп тастар еді.
Әлден соң түлкі ағаш ішіне кіріп кетіп, ағаштың түбінде тұрған қоянды көреді. Ол мезгілде қояндардың құйрығы ұзын болып, шапшаң жүргендеріне ыңғайсыз болып тұрушы еді. Сол жерде түлкі қоянды ұстап алып, өлтірмекші болып жатқанда қоян сұрайды:
-«Мені өлтірме, саған құйрығымды берейін», деп уәде қылады.
Мұнысына түлкі көніп, екеуі сол жерде құйрықтарын айырбастапты.
Сонан бері түлкінің құйрығы ұзын болып, қоянның құйрығы қысқа болып қалыпты.
Тақпатар қоян туралы.
Көжектерім, тұршы
Беттеріңді жушы.
Ну орманға барайық,
Тамақтанып алайық.
Қоян: Жалмаңдаған қу түлкі
Келіп қапты орманнан.
Көжектерің, қайда?- деп
Қуып келді соңымнан
Көжек
Құйып тұрған нөсерді-ай!
Қалдырған ба, ұрысып?. .
Орындықтан түсе алмай,
Отыр көжек бүрісіп. . .
Ұзын құлақ сұр қ

Страницы: <<  <  14 | 15 | 16 | 17 | 18  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: