Өзен - көлдер сылдырлап ағып жатыр, Табиғатты тамашалап келе жатсақ алдымыздан мөлдір бұлақ кездеседі.
Мөлдір бұлақтың кездеседі:
-Балалар қараңдаршы бұлақтың ағысына тастар үйіліп қалыпты, қане біз тастарды алып тастайық.
-Айлин сен бір тасты алып тастай ғой.
-Айлана сен бір тасты алып таста, осылай бәріміз бір-бірден алып тастаймыз.
-Әділбек қарашы бұлақтың ағысында тастар қалды ма?
-Жоқ, жарайсыңдар балалар, біз бұлақтың еркін ағуына көмектестік. Тастарды бір-бірден алып тастадық. Қане қайталаймыз: "бір-бірден"
Билингвалдық компонент: бір-бірден - по одному.
Бұлақ бізге риза болып, өзінің суын береді. Бұлақтан су ішеміз.
Ал, енді саяхатымызды ары қарай жалғастырайық.
Алдымыздан алма ағашы кездеседі.
Алма ағашы: -Балалар, менің алмаларым жерге түсіп жатыр, оларды жинауға көмектесесіңдер ме?
-Балалар алмаларды бір-бірден жинайық.
-Айару қарашы жерде алма қалды ма?
-Жоқ, қане бәріміз "бірде біреуі жоқ" деп қайталайық.
Билингвалдық компонент: бірде біреуі жоқ - ни одного
Алма ағашы қуанып, сендерге өзінің алмаларын сыйға тартады.
Ал енді саяхатымызды жалғастырайық.
Раушан гүліне кездесеміз. -Балалар қараңдаршы, раушан гүлі көңілсіз. Қане біз раушан гүлін сергітіп, жаттығу жасайық.
Сергіту сәті:
Таң атқанда күн шығып,
Гүл ашады қауызын.
Желмен бірге тербеліп,
Теңселеді ақырын.
- Балалар, рақмет сендерге, мен бір сергіп қалдым.
Балалар қараңдаршы аспанда күн жарқырап тұр. Қане, ойын ойнайық.
Ойын: "Күн мен жаңбыр"
Тәрбиеші: "Аспан ашық, күн шығып тұр! Серуенге шығуға болады", - дейді. Балалар бүкіл алаңда жүгіріп жүр. "Жаңбыр! Тез үйге жүріңдер!" деген сигналды естіп, бәрі өз орындарына қарай жү
Страницы: << < 1 | 2 | 3 > >>