Біздің нанды өлкеміз

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5 | 6  >  >>

зды ары қарай жалғастырайық. (Машинаға отырып кетіп калады).
Тәрбиеші: - Сәлеметсіз бе, апай! ! (Слайд бойынша әнгіме)
Наубайханашы: - Балалар, сәлеметіздер ме? Хош келдіңіздер!
Мынау мен істейтін жер - наубайхана. Наубайхана дегеніміз - ол нан пicipeтін жер. Наубайханада осы аппақ ұнға - тұз, су, ашытқы араластырып, қамыр илеп нан пicipeдi. Miнe, қараңдаршы ұннан неше түрлі тәтті нандар, тоқаштар, бауырсақтар, бүйректер, әртүрлі нандар пicipeдi екен. Піскен нанды - дүкендерге апарып кояды. Ал мына - қамыр сендерге. Қарындарың ашқанда қамырды пicipiп жейсіңдер.
Тәрбиеші: - Рахмет сізге, наубайханашы. Ал,біздің балалар сізге өз өнерлерін көрсеткісі келеді.
Тақпақтар:
Ерте тұрып ақ таңнан ,
Пicipiп апам ақ нан.
Кетер емес әлі,
Тандайымнан дәмі.
2. Дәм патшасы - аппақ нан,
Үмітіндей ақталған.
Дастарханның басында
Менде отырмын қасында.
Наубайханашы: Көп рахмет балалар, өнерлерің өте тамаша болды - Сау болыңдар балалар!
Балалар машинаға отырып ары карай кетеді.
Тәрбиеші: - Сәлеметсіз бе, дүкенші! (Слайд бойынша әнгіме)
Сәлеметсіздер ме, балалар!
Дүкенші: - Балалар мынау - нан сататын дүкен. Жұмыстан шыққан адамдар осы дүкеннен келіп ұннан жасалған әртүрлі нандар, тоқаштар, печенье, торт, бәліш, көптеген тәттілер сатып алады. Ал мына нан сендерге. Балабақшаға барғанда тәтелерің сендерге береді.
Тәрбиеші: - Рахмет, дүкенші! Ал,біздің балалар сізге өз өнерлерін көрсеткісі келеді.
Ән: "Дастархан"
Дүкенші:Көп рахмет балалар, өнерлерің өте тамаша болды. Балалар, мына бауырсақ сендерге, саяхаттан оралған соң жейсіңдер. Сау болыңдар балалар!
Тәрбиеші және балалар дүкеншіге рахмет айтып қоштасады.
Тәрбиеші:Балалар, біз ендеше, балабақшамызға барайық. Музыка ыр

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5 | 6  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: