Кіріктірілген ашық ұйымдастырылған оқу қызметі
Білім салалары: Қатынас /Шығармашылық. 
Білімділік: Қоршаған ортамен таныстыру/ Музыка 
Тақырыбы: "Біздің нанды өлкеміз" 
Ұйымдастырылған іс-әрекетінің мақсаты:
Білімділік: Балаларға нан туралы түсінік беру. Солтүстік өңірде жердің көп жеріне бидай өнімі егілетінін, нанның адам еңбегімен келетінін, оған көп күш жұмсалатынын түсіндіру. Өзара тілдік катынастарын дамыту. 
Міндеттері: 
Балалардың сөздік қорларын, ойлау қабілеттерін дамыту. 
Балаларға нанды құрметтеуге, нанды жерге тастамауға, адамдардың еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу. 
Көрнекілік: Нанның түрлері. Суреттер, Слайд,теледидар 
Жаңа сөздер: наубайхана, диірмен, комбайн, диқан, алқап. 
 Әдіс - тәсілдері: әнгімелесу, сұрақ - жауап, түсіндіру слайд көру, мультфильм қарау, жаңа сөздермен таныстыру. 
 Ұйымдастырылған іс-әрекетінің барысы: 
Музыка ырғағымен балалар музыка залына кіреді. Балалар, қараңдаршы бізге көп қонақтар келіпті. Қонақтармен амандасайық. 
-Сәлеметсіздер ме! Балалар, кәне қолдарымыздан ұстап, шеңбер кұрып жылы - жылы лебіздер айтып, көңілді отырайық. 
Жылулық шеңбері
Күннің көзi ашылып, 
Көкте шуақ шашылып. 
Кұтты қонақ келіпті 
Tөpiмізre eнiптi, 
Амандасу үлкенге , 
Тәрбиенің басы ғой, 
Ал, кәнекей бәріміз, 
Сәлем дейік үлкенге. 
Тәрбиеші: 
Балалар, біз қандай Республикада тұрамыз?
Біз Қазақстан Республикасында тұрамыз. 
Біздің облысымыз қалай аталады?
Солтүстік Қазақстан облысы деп аталады. 
Біздің тұрып жатқан ауданымыз, ауылымыз қалай аталады?
Жамбыл ауданы,Преснов ауылында тұрамыз. 
-Балалар казір жылдың қай мезгілі. 
-Күз мезгілінің қай айы ? Бүгін қай күн? 
Балалар: Қазір жылдың күз мезгілі. Күз мезгілінің 
		Страницы: 1 | 2 | 3 > >>
