br/>Балалар біз бүгін оригами әдісі арқылы көбелекті құрастырамыз.
Көбелекті бүктеу жолын көрсетемін.
-Ең бірінші қағазды үшбұрыш қылып ,екі бетін бір-біріне беттестіріп, бұрыштарын дәлдеп бүктейміз. Жақсылап үстінен қолымыздың қырымен бірнеше рет басып жүргіземіз.
-Пайда болған үшбұрыштан тағы да үшбұрыш шығарамыз. Ол үшін үшбұрышымыздың сол жақ бұрышын оң жақ бұрышпен түйістіріп дәл ортасынан бүктейміз. Тағы да үстінен қолымыздың қырымен бірнеше рет басып жүргіземіз.
-Енді дайын болған үшбұрыштың өткір ұштары бар жағын жоғарыға қаратып қоямыз.
-Дайын болған қағаздың жоғарғы екі ұшын астыға қарай қайырып бүктейміз.
-Көбелектің қанатын әдемі етіп безендірейік.
Қәне,балалар енді бойымызды сергітіп алайық.
Сергіту сәті "Көбелек"
Мен тимеймін, жасқанба,
Дос болайық, көбелек.
Жайнап тұрған бақшамда
Гүлдерімді тере кет.
Жаңбыр жаушы себелеп,
Тақияның астына
Тығыла ғой көбелек.
Балалардың өзіндік жұмыстары.
Жеке жұмыс: Мадиярға қағазды дұрыс буктеуді үйрету.
Қане көбелектеріңді көрсетіңдерші. Қандай әдемі болды.
"Мультфильм кейіпкерлерінің жұбын тап" дидактикалық ойыны.
Шарты: балалар суреттер арасынан бір мультфильмнің екі кейіпкерін тауып топтастырып, кейіпкерлердің қандай мультфильмнен екенін айту қажет.
3. Қорытынды/итоговая часть:
Көбелек: Рахмет сендерге балалар!Енді менің достарым көп болды. Мен гүлдерімнен шырын жинап сендерге шырынды сыйлыққа алып келдім. Сендер шырыннан дәм татыңдар. Ал, балалар менің кетуім керек. Мен гүлдерімді сағындым. Оларды тозаңдандыруым қажет. Сау болыңдар! (Музыкамен шығады).
-Балалар бүгін қандай мереке?
-Балалар біз бүгін қағаздан нені құрастырдық?
-Көбелек немен қоректенеді?
Балаларды мадақт
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>