Біз мектепке дайынбыз

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Біз мектепке дайынбыз

Жүргізуші: Құрметті ата - аналар, ұстаздар, балалар! Бүгінгі дайындық "ә" тобы балаларының "Біз мектепке барамыз" атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер! Кеше ғана дайындық сыныбын аттаған бүлдіршіндеріміз бүгін дайындық сыныбын бітіріп, 1 - сыныпқа қадам баспақшы. Білім кемесіне мініп, ілім іздеп, өз өмірлерінің 1 асуын артта қалдырмақшы.

Бір белестен өттіңдер,
Өсті ақыл, ойларың.
Қуанышқа жеттіңдер,
Құтты болсын тойларың.

Көріп тұрмын бүлдіршіндер қаншама
Жақсы ниет білдірейін баршаға.
Өрендерім өлең айтып, би билеп,
Өнерлерін салсын бүгін ортаға.

(Балалар әуенмен би билеп кіреді)

Қуан, шаттан
Қуанатын күн келді.
Қайырлы таң
Қайырлы күн
Нұрға бөле іргемді.

Би: "Қаражорға"

Ердәулет:Жеті жасқа толамыз,
Әдепті бала боламыз.
Қуантып ата - ананы
Мектепке кетіп барамыз.

Іңкәр:Мектепті жүрмін сағынып,
Қашан мен де барамын,
Сөмкені қойдым дайындап,
Жолын қуып ағамның.

Берекет:Мен де кітап аламын,
Мен де оқуға барамын.
Жаман бала дегізбей
Жақсы оқитын боламын.

Алан:Білім қажет бәрінен,
Шырқатып әнге саламыз.
Тойымызға сән беріп,
Би де билеп аламыз.

Ән (хор): Мектебім

Гүлбану:Көңілді өскен баламыз,
Шырқатып әнге саламыз,
Тойымызға сән беріп,
Би де билей аламыз.

Әбілқайыр:Дайын тұр киер көйлегім,
Үйімде биыл той менің.
Өзімше мен кәдімгі,
Оқушы құсап сөйледім.

Ақерке:Мектепке биыл барамын,
Қолыма кітап аламын.
Дайын тұр сауат - сайманым,
Дайын тұр жазар қаламым.

Нұрсая:Әліппемді қоям бір бөлек,
Жаттауға жаңа жыр кере

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: