Біз мектепке дайынбыз

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3  >  >>

к.
Көбелекті де қумаймын,
Қона берсін гүлке кеп.

Би: Ку - ка - ре - ла

Гауһар:Енді мен үлкен боламын,
Ананың тілін аламын,
Әжемнің барлық айтқанын
Миыма құйып аламын.

Бек:Мен мектепке барамын,
Елдің атын жазамын,
Жердің атын жазамын,
Туған тілге тазамын
Батаңды бер қазағым.

Ш. Даниял:Мен кішкентай баламын,
Әлі - ақ өсіп толамын,
Елін, жерін қорғайтын
Ер азамат боламын.

Ән: Ертегілер

Розалина:Мен мектепке барамын,
Оқуды көп ойладық,
Қызығына тоймадық,
Әріптерді үйреніп
Сауат аштық тоймадық.

Мирас:Іші толған әріпке,
Жақсы кітап әліппе.
Әліппені аламыз,
Біз мектепке барамыз.

Қ. Әсем:Аялаймыз ананы,
Құрметтейміз, бағамыз.
Сіздер үшін аналар
Шырқап әнге саламыз.

Би: "Жалқаубек"

Мейрамбек:Дәріс алдым саналы,
Үлгілі ұстаз анадан.
Мейіріміңнен нәр алдым,
Жолықпаған баладан.

Марфуға:Әріптерді үйретке
Жамандықтан жиреткен
Ұстаз - біздің анамыз,
Жарқыраймыз, жанамыз.

Ақжол:Бар әдемі қаламым,
Соны қолға аламын.
Жазуды да жазамын
Суретті де саламын.

Ән: "Қуыршақ"

Жұмбақ шешіп үйренейік

Жазу жазып жалықпаған,
Жаза - жаза арықтаған (бор) (іңкәр)

Қабат - қабат қаттама
Ақылың болса аттама (кітап)

Бірде төмен, бірде шығып жоғары,
Сөз сөйлесең қозғалыста болаты (тіл) (берекет)
Шананың да, шардың да
Мен тұрамын алдында.
Менен ғана басталар
Шұғыла да, шалғын да (ш дыбысы)

Лаулар жанған алау да,
Желбіреген жалау да
Балада да мен бармын,
Біледі мені ір аула (л дыбысы)

Уық

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: