Сабақтың тақырыбы:Бисер тоқу
Сабақтың мақсаты:Оқушыларға моншақпен кестелеп тоқуды үйрету.
Білімділік мақсаты:Оқушылардың моншақпен тоқудағы білімін жүйелендіру, шеберлік деңгейін арттыру арқылы әсемділік пен сұлулықты бағалай білуге үйрету.
Дамытушылық мақсаты:Өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастырып, шығармашылық қабілетін дамыту
Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды төзімділікке, әсемділікке тәрбиелеп, эстетикалық талғамын арттыру.
Сабақтың түрі: Аралас, сарамандық сабақ.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі-иллюстрациялық.
Пәнаралық байланыс: Биология-гүлдердің түрлері, құрылысы; математика; бейнелеу өнері – композиция құру, түстерді таңдау; тарих – бисердің пайда болу тарихы.
Көрнекіліктер:моншақтан жасалған бұйымдар үлгілері , сызбалар, суреттер, журналдар, кітаптар.
Қажетті құрал-жабдықтар: әр түрлі су моншақтар, бисер, картон, сым темір, бисер салатын ыдыс.
Сабақтың жоспары
Ұйымдастыру кезеңі
Тақырыпты меңгеруге негізі білім арқылы дайындық
Жаңа тақырыпты меңгеруге дайындық
Жаңа тақырыппен таныстыру
Сарамандық жұмыс арқылы түйіндеу
Қорытындылау. Жұмыстарын бағалау
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі (оқушылармен амандасу, сабаққа дайындығын тексеру, түгендеу).
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Жаңа тақырыпты жариялау, мақсаты және міндеттерімен таныстыру.
IV. Жаңа тақырыппен таныстыру: су моншақпен (бисермен) гүл тоқу.
Бисердің шығу тарихы:
Бисер өнері – ертеден таралып, танылып келе жатқан, әшекей бұйымдар дайындаудың бір түрі. Бисермен жай суреттерден бастап өте күрделі түрлі-түсті жұмыстар жасауға болады. Қолдан жасалған бисер моншақтары Ресейде, шет елдерде өте жоғары бағаланады. Қазіргі кезде халық шығармашылығының осы түрі жаңа өрлеу үстінде, дамудың
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>