Шортанды ауданы білім бөлімі
"Институт орта мектебі" ММ
Сыныптан тыс іс-шара
"Бірлігі жарасқан Қазақстан!"
(аудандық семинар)
Өткізген: Ахметова Г. Ж.
2015 жыл
Бірлігі жарасқан Қазақстан!
Мақсаты: Балалардың "достық", "бірлік", "халық" құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту, ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Ту, Елтаңба, Әнұран, Президенттің суреті, шаңырақ.
Барысы:
Шаттық шеңбері
Армысың асыл күн,
армысың асыл жер,
Армысың асыл дос,
Армысын асыл аспан,
Бір-біріңе жылу қос,
Болайықшы жақын дос!
Сендердей ақылды, мейірімді, білімге құштар балаларды көргеніме мен бүгін өте қуаныштымын. Ендеше, сендер де сондай қуанышты жүзбен бір - бірлеріңе күлімсірей қараңдар және бас иіп, мына залда отырған қонақтармен амандасайық.
Аян:
Әнұраным - жанұраным,
Айтар әнім -сөйлер сөзім.
Мәңгі бақи шырқалады.
Республикам Әнұраны!
Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалады.
- Біз сендермен Қазақстан Республикасының Әнұранын орындадық. Әнұранның авторлары кім?
Еділ: Әнұранның сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов,
Нұрсұлтан Назарбаев , Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов
Күндер өтті кешегі,
Жігер құм боп жасыған,
Несіне оны жасырам?
Әнұраным бүгінгі
Баға жетпес асыл ән
- Еліміздің тағы қандай рәміздері бар? Ол туралы не білесіңдер?
Даяна:
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының авторлары -- Жандарбек Мәлiбеков пен Шота Уәлиханов.
Елтаңба - ег
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>