емен елдің белгісі.
Елтаңба - өзге елмен теңдіктің белгісі.
Амир:
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туының авторы -- суретшi Шәкен Ниязбеков.
Жарасқан байрақтың мәні бар,
Көк аспан, күн, қыран - сәні бар.
Көк байрақ - ашық көк кеңісім,
Алтын күн - белгісі жеңістің.
Алтын күн көтерген ел құсы-
Халқымның батырлық белгісі!
Мұғалім:
Отан - әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Адам жүрексіз өмір сүре алмайтындай, Отансыз да өмір сүре алмайды. Отан - біздің туған жеріміз, өзіміздің туған - туысқанымыз, дос-жарандарымызбен бірге тұратын еліміз.
Біздің Отанымыз - Қазақстан.
Бүгінгі Қазақстан дүние жүзіндегі көптеген мемлекеттер таныған ел. Оның өз Елтаңбасы, Туы, Әнұраны бар.
Республика халқының саны 17 миллиондай.
Жергілікті ұлт - қазақтармен бірге басқа да 130-дай ұлт өкілдері бір-бірімен туысқандай болып кеткен. Қазақстанның шаруашылығы мен мәдениетін дамытуға барлық ұлт өкілдері белсене қатысып, бірлесе еңбек етіп келеді. Биыл Қазақстан Ассамблеясына 20 жыл толды.
Бүгінгі тәрбие сағатымыздың "БІРЛІГІ ЖАРАСҚАН ҚАЗАҚСТАН" аталғаны да осыған байланысты.
Би "Попурри"
Ақ қара деп алдымен,
Елім бөлмес адамды.
Дәстүр, өнер, салтымен
Таңқалдырған ғаламды.
Жырласа қазақ, түркімен,
Молдаван, тәжік үн қосқан.
Дос жүректер біріккен,
Мейірлер жарасқан.
Тыңда, тыңда, тыңда мені,
Ұлы жұртым - орыс халқым.
Сен тербетіп өсіргенсің,
Сенің даңқың - менің даңқым.
Кім сүймейді ет жақынын, туысын,
Украина туысымның бірісің.
Тұрды биік туымыздай бұл достық,
Ел басына төнгенде де ұлы сын.
Қадірменді бір досымыз - өзбегім,
Қалтқысы жоқ демің бейне өз демім
Өз сөзімдей жанға жа
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>