фазалы торабынан қоректенеді. Бұл қозғалтқыштар статордың бір орамасынан құралады, бірақ бұл жағдайда ол іске тек қолмен қосылады. Ал іске қосу моменті толық болуы үшін, мұндай қозғалтқыштарда көмекші орама да қолданылады. Бір фазалы асинхронды қозғалтқыштардың статорындағы көмекші орамаларының мынадай түрлері бар:
1. Кедергілері жоғары активті көмекші орамалар;
2. Қозғалтқыш іске қосылған сәтте ғана конденсаторға қосылатын көмекші орамалар;
3. Конденсаторға тұрақты қосылып тұратын көмекші орамалар
1-сурет - бір фазалы асинхронды қозғалтқыш
( оқушылар қозғалтқыш құрылысын құрастыру үстінде)
Бұл қозғалтқыштар конденсатормен іске қосу қозғалтқышы,кір жуғыш машинаның активаторының жетегі,құбырлардан су тартатын сорғыштар ретінде қолданылады. Полюстері қысқа тұйықталған орамалары қозғалтқыштардың әр полюсі осьтік ойықпен екі әр түрлі бөлікке бөлінген. Полюстің кіші бөлігі қысқа тұйықталған орамамен қамтылады. Бұл айнымалы магнит өрісін,демек,қозғалтқыштың іске қосқыш және тұрақты айнымалы кезеңін жасауға мүмкіндік туғызады. Мұндай қозғалтқыштардың энергетикалық көрсеткіштері төмен,бірақ оларды қырұлысының қарапайымдылығына,қолдану сенімділігіне,құнының төмендігіне байланысты кеңінен қолданылады. Өндірістен шығатын бір фазалы асинхрондық қозғалтқыштың пайдалы қуаты 15-600 Вт аралығында болады. Бір фазалы машина орамаларының шықпалары төмендегідей таңбаналады: Статордың негізгі орамасының басы - С1,соңы - С2,көмекші орамалардың басы -В1,соңы -В2,қозғалтқыштарды ыңғайлы қолдану үшін орамалардың шықпа ұштарын әр түсті етіп жасайды.
1 - кесте - Бір фазалы асинхронды электр машиналарының шықпа сымдарының тістері
Шықпаның саны
Шықпа
Сымның түсі
Басы
Саны
4
3
Негізгі орама
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>