Білімім мен өнерім - өмірімнің өзегі

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6  >  >>

зуға, құрылысын аяқтауға көмектеседі. Бұл қандай дәстүр? /Асар/
Үлкендер көрші ауылға кеткенде жастар жиналып жасайды, көңіл көтереді. Бұл дәстүрді әке-шешесі жол жүріп кеткен үйдің бойжеткен қызы да жасай береді. Бұл қонақжайлылықтың бір белгісі. Бұл қандай дәстүр? /Бастаңғы/
Сыйлы адамға тартылар табақта міндетті түрде мүшелі ет болады. ол соғым етінен сақталады. Ол қалай аталады? /Сыбаға/
Ауыл үйдің қарттары жол жүрерде, ал жас бала тұңғыш рет атқа отырарда осы ырымы жасалып, дастарқан жайылады. Бұл қандай дәстүр? /Тоқымқағар/
Сыбаға алып келгендерден кетерінде сұраған. Сол секілді келіп, кетерінде ештеме айтпай бара жатқандардан «не . . . . келген едің?» деп, арнайы келген шаруасы болса, оның орындалуына жәрдемдескен. Бұл қандай дәстүр? /Бұйымтай сұрау/
VII. Өнерім - өмірімнің өзегі (өнер байқауы)
(Әр сайыскер өз өнерін ортаға салады).
Алладан – денсаулық,
Пайғамбардан шапағат,
Қыдырдан – бата,
Данадан - өнеге, білім,
Ананың мейірімін,
Саудың – амандығын,
Аурудың – көңілін,
Туыс-туғанның – бүтіндігін,
Сапарда – сәттілік,
Өмірде – амандық сұрайық.
Ал енді әділқазы шешімі дайын болғанша Қ. Назарбектің орындауында тамаша бір ән тыңдалық.
Ән: «Бақытты бол»
Бүгінгі кешімізде өз мәресіне жетті. Білімдерін шыңдай, ұлттық дәстүрлерді бойына дарыта отырып тәрбиелеу жолында ұйымдастырылған кеш қорытындысында «Сахна жұлдыздары» Жайдарбек пен Гульфия, «Көрермен көзайымдары» Тұрар мен Жанайым, «Мектеп көшбасшылары» Айбек пен Әсемгулдің еншілеріне тиді. /Марапаттау қағаздары мен естелік сыйлықтар табыс етілді/.
Білімі мен өнерін сарапқа салатын танымдық байқауларда жоғары дәрежелі жетістіктерге жетіңіздер. Сіздермен бірге болған Алия Ерқайқызы . Бай, қуатты болайық, келесі кездескенше қош сау болы

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: