уып алдыңыз. Досыңыз хабарландыру жазып иесіне қайтарайық деген, ал сіздің біреуге бере жақ ақшаңыз бар. Осы жағдайда иесіне қайтарар ма едіңіз, әлде сатып, бережақ ақшаңды берер ме едің? Осы жағдайдан қалай шығар едің?
V. «Ойнайық та ойлайық» сергіту сәті
1. Түсін мені (Көрермендер іс-қимыл арқылы жасырылған сөзді түсіндіреді, сайыскерлер шешімін табулары керек).
2. Сөз құрау. «Талғампаздық» (Берілген сөзден зат есім құрау)
Көрермендерге сұрақ:
1. Мектептің электрондық адресін айтыңыз:
/Bisen maik. кz/
2. Қағаздық тасушыларға информацияны шығаруға арналған басу құрылғысы. /Принтер/
3. Microsoft Excel программасын іске қос.
(Дұрыс жауап берген көрерменге сыйлық табыс етіледі).
VI. Ұлттық дәстүрді білеміз бе? (сұрақ-жауап)
Мәнге толы қазағымның ғұмыры
Сан асылдың ашылып тұр тұғыры
Кеше ғана керексіз ғып тастаған
Ғажап екен әдебі мен ғұрыпы.
Сәнге толы қазағымның тірлігі
Кіріп тұрса ынтымақ пен бірлігі.
Әр жүректе бүршік жарып гүлдейді
Ұлттық дәстүр, ғұрпыменен өнері.
Аса мәнді жақсылық хабарды жеткізген кезде айтылады. Қуаныш жеткізуішіге естіген адам жолын беріп, қуаныш әкелгеніне алғыс білдіреді. Бұл қандай дәстүр? /Сүйінші/
Жақсы тілектің айғағы. Келін түсіргенде, құтты қонақ келгенде, белгілі бір салтанатқа арнап шашылады. Бұл қандай дәстүр? /Шашу/
Халқымыз «жақсы сөз-жарым ырыс» деген. Қуаныш иесін құптап, одан сайын қуанышқа кенелту үшін беріледі. Бұл қандай дәстүр? /Көрімдік/
Қоңсы қонған ауылда аралас-құралас болу үшін, әсіресе, жаз айларында жиі өткізіледі. Соңғы келіп қонған үйге бұрынғы үй ас береді. Бұл қандай дәстүр? /Ерулік/
Бір адам немесе жанұя ауылына осы дәстүрді жасайтынын хабарлап, мол етіп дастархан әзірлейді. Ауыл тұрғындары көмекке келіп, үй тұрғы
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 | 6 > >>