Білімді мыңды жығар

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

"Білімді мыңды жығар" интеллектуалдық сайыс
"Сендердің білімдерің - ол сендердің еңбектеріңнің нәтижесі. Сендер өздігінен білім
алуға неғұрлым көбірек еңбектенсеңдер, соғұрлым көбірек білетін боласыңдар"
Н. Ә. Назарбаев
Мақсаты:
1. Қазақстан Республикасы туралы оқушылардың алған білімін жинақтап, одан әрі танымдылығын арттыру.
2. Оқушылардың ойлау, сөйлеу дағдысын дамыту өз ойын мәдениетті түрде жеткізе білу
3. Туған халқына, Отанына, оның тарихи тағдырына деген құрмет сезімін қалыптастыру. Патриоттық тәрбие беру.
Күтілетін нәтиже:
-алған білімдерін түрлі жағдаяттарда қолдана білу;
-сөйлеу мәдениетін көтері;
-аналитикалық, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;
-танымдық қызметіне қызығушылық туғызу;
3 топқа бөлінеді әр топта 5 қатысушы болады.
Жүргізуші : Армысыздар,қадірменді ұстаздар, оқушылар! Армысыздар жақсы ниетпен келген ұлағатты қонақтар. Отан, туған жер атамекен, елім, ауылым деген -- жүрек тебірентіп, шаттық сезімді оятып қасиетті сөздер мен туған жердің тарихын, шежіресін білу -- әрбір ұрпақтың азаматтық борышы. "Білімді мыңды жығар" тақырыбында өткелі отырған интеллектуалдық сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Ойынымызды бастамас бұрын әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейік.
А. З. Губашева - мектеп директоры және тарих пәнінің мұғалімі
Л. М. Карина - директордың ғылыми - әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары
А. Қ. Қуатова - директордың тәрбие ісі -- жөніндегі орынбасары
Ойынның кезеңдерімен таныстырып өтейік.
I -- тур: Командылар өздерін таныстыру
II- тур: Он сұрақ (көшбасшыларға сұрақ) 1минут 10 сұраққа жауап
III- тур: Елді қалыптастырушы Елбасы (слайд қорғау 5 минут)
IY- тур: Тұлғаларды танып біл (қойылған сұрақтарға жауап б

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: