лды, шайтанның азғырғанына ердім. Оған себеп - мына уәзірлер. Бұлар енді я саған, я маған бір қатер қылар. Сен енді іргеңді көтер, бөтен елге көш деп, - хан өзінің досына разы болып, бірнеше түйеге асыл заттар арттырып, мал беріп, досын Ақша ханның еліне көшіріп салады.
(Қай шығармадан алынған, қандай дәстүр бар?) ("Аяз би" ертегісі, енші беру).
3. Көтібар қызды қосты Әлібекке
Атақты өзі батыр асыл текке.
Жүз-жүзден кілем, тон, ішік қылып,
Арттырды елу нарды әділетке.
(Қай шығармадан алынған, қандай дәстүр бар?) "Айман-Шолпан" жыры, киіт кигізу, жасау беру, үйлендіру.
3. Балталы , Бағаналы ел, аман бол!
Бақалы, балдырғанды көл, аман бол!
Кірім жуып, кіндігім кескен жерім,
Ойнап-күліп, ер жеткен жер, аман бол!
(Қай шығармадан алынған, қандай дәстүр бар?) "Қозы Көрпеш - Баян сұлу" жыры, қоштасу.
5 кезең. "Айшықты сөздер"
Бұл айналымда бірнеше тұрақты сөз тіркестері беріледі. Бұл сөздермен біз ана тілі пәнінен шығармаларды оқығанда танысқанбыз. Әр топқа 3 сөз тіркесі беріледі. Ойланып, мағынасын айтуларың керек.
1. Төбесі көкке жетті (қуанды)
2. Ине шаншар жер жоқ (бос жер жоқ)
3. Қой аузынан шөп алмас (жуас)
1. Қабағынан қар жауды (ашуланды)
2. Бетінен оты шықты (ұялу)
3. Ит өлген жер (алыс)
6 кезең . "Білімді мыңды жығар" бөлімінде қазақ тілі мен әдебиет пәндерінен сұрақтарға жауап береді.
1. . Абай атамыз айтқан 5 дос пен 5 дұшпанды ата(5 дос-ақыл, білім, терең ой, қанағат, рахым; Дұшпан-өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ)
2. "Бес арысты" ата (Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Жүсіпбек Аймауытов)
3. Өлең түрінде жазылатын шығарма қалай аталады?
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 > >>