"Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің 18 мектеп-гимназиясы" ММ
Сабақтан тыс ашық сабақтың тақырыбы:
"Білгіштер "
Жүргізуші: Сейтхан Әсел Сейтханқызы, 18 МГ қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
Қостанай қаласы
2019-2020 оқу жылы
Интеллектуалды ойынның тақырыбы: "Білгіштер" сайысы.
Мақсаты: Оқушылардың ойлау, еске сақтау, қайта жаңғырту қабілеттерін дамытумен қатар, қазақ тілі мен әдебиет пәніне деген қызығушылықтарын арттыру.
Көрнекілігі: үлестірмелі карточкалар
Ойынның ұраны:
Көп тіл білсең көкжиегің кең болар,
Құрметтейді кісі екен деп төрге озар.
Қай елде жүрсең де бұл дұрысы -
Мемлекеттік тілді білген жөн болар.
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
- Құрметті әріптестер, оқушылар! Бүгінгі "Білгіштер" сайыс сабағымызды қазақ тілі мен әдебиеті апталығына арнаймыз. Тіл сайысын өткізудегі мақсатымыз - басқа ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілге құрметпен қарауын, сонымен бірге мемлекеттік тілге қызығушылығын арттыру.
Оқушылар ортаға шығып, берілген жапырақтарды алып, жазылған тілектерді оқиды және жапырақ түсіне қарап топқа бөлінеді. Білгірлер. Тапқырлар
Топ басшыларын сайлайды. Отырған орындықта белгі болады.
1. кезең "Жорға" Ойыншыларымыз 1 минут ішінде 1сұраққа жауап беру керек.
"Білгіштер" тобының сұрақтары:
1. "Абай жолы" роман- эпопеясының авторы кім? (М. Әуезов)
2. Название какой птицы образовано от звукоподражательного междометия? (Кукушка)
3. "Рождество" қарсаңында ағылшындар қандай тамақ әзірлейді? (Индейка)
4. Шоқан Уалихановтың шын аты кім? (Мұхамедқанафия)
5. Как называются
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>