Білгірлер сайысы

Страницы: <<  <  7 | 8 | 9 | 10 | 11  >  >>


Тәлім аласың.
Есейіп кетсең де,
Қарыз болып қаласың. ( мектеп-школа-school)
6. Суға батпайды,отқа жанбайды. ( мұз-лед-ice)
7. Табаныма байладым,қос таяқпен айдадым ( шаңғы-лыжи-snow-sri)
8. Оқушыға күнде еріп жүретін не? ( күнделік-дневник-biary)
4-кезең. "Қарлығаш" сөзінен сөз құрулары қажет,ең аз соз құрған сайыскер ойыннан шығады. Ойын 10 ұпаймен есептеледі.
5-кезең Қалған ойыншы өздері таңдап алған тақырыптар бойынша 5-6 сөйлемнен тақырыптық әңгіме құрайды.
Ұсынылған тақырыптар:
1. Менің отбасым;
2. Менің досым;
3. Менің мектебім;
4. Менің күн тәртбім;
5. Менің ауылым;
6. Қыста.
6-кезең "Қай септік?" -ойыншылар берілген тестердегі сөз тіркестерінен септікті тіркесті табады. Қалған 5 сайыскер өздері таңдап алған парақтары бойынша сұрақтарға жауап береді. Дұрыс жауапқа берілетін ұпай саны-5. Ұпай аз ойыншы шығарылады.
1. Барыс септікті сөз тіркесін тап:
А)қаладан келді;
ә)қаланың адамы;
б)қалаға барды;
в) қалада тұрада
2. Жатыс септікті сөз тіркесін тап:
А)мектепке келді;
ә)мектептен қайтты;
б)мектепті бітірді;
в)мектепте оқиды;
3. Табыс септікті сөз тіркесін тап:
А)ауылдың малы;
ә)ауылға бардым;
б)ауылдан келдім;
в)ауылды жақсы көремін;
4. Шығыс септікті сөз тіркесін тап:
А)оқушымен келді;
ә)оқушыдан сұрады;
б)оқушыны көрді;
в)оқушыға қарады;
5. Көмектес септікті сөз тіркесін тап:
А)қаламды алдым;
ә)қаламның сиясы;
б)қаламмен жаздым;
в)көп қалам
7-кезең Сайыскерлер сөзжұмбақ шешеді. Сөзжұмбақта Қазақстан қалалары жасырылған. Сөзжұмбақ шешу барысында оқушылардың сөздік қорларының деңгейі сараланды. Тапсырма бойынша сөздердің антонимдерін немесе аудармасын табу қажет.


Страницы: <<  <  7 | 8 | 9 | 10 | 11  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: