Биіктікке секіру

Страницы: 1 | 2  >  >>

Рахманбердиев Бекизат Исламович
Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі
64 мектеп
Арал қаласы Қызылорда облысы
Сабақтың тақырыбы: Биіктікке секіру
Сабақтың мақсаты:
1) Аяқты қайшылау әдісімен биіктікке секіру техникасын үйрету.
2)Дене бітімдері дұрыс жетілуіне көңіл бөлу.
3)Ептілікке ,шапшаңдыққа,жауапкершілікке,өзіне деген сенімділікке тәрбиелеу .
Сабақтың түрі: Жарыс сабағы.
Әдісі: Түсіндіру; үлгі көрсету;
Қолданылатын құралдар: биіктікке секіруге арналған бел темір,жалауша,метр,ысқырық,секіргіш жіп,қап,доп.
Сабақтың мазмұны
Мин
Әдістемелік нұсқаулар
Кіріспе бөлім. 2-3 мин

Сыныпты сапқа тұрғызу
Кезекшіден рапорт қабылдау
Сәлемдесу,оқушыларды түгелдеу
Сабақтың тақырыбымен таныстыру
2-3 мин
Саптағы тәртібін қадағалау
Спорттық киімдеріне назар аудару
Денсаулығын тексеру
Сұрақтар қою.
Дайындық бөлім. 12-13 мин
1)Саптағы жаттығулар: «оңға бұрылу», «солға бұрылу», «кері бұрылу», «орында тұрып жүру және тоқтау»;
2)Жүру барысындағы жаттығулар:
-санақ бойынша жүру;
-Қолды жоғары созып аяқтың ұшымен жүру;
-Қол белде,өкшемен жүру;
-Қолды алдыға созып жартылай отырып жүру;
-Қолды екі тізеге қойып отырып жүру;
-Саптағы жүріс,спорттық жүріс;
3)Жүріс барысындағы жаттығулар:
-Жай жүріс;
-Оң қапталмен жүгіру,қолды алға айналдыру;
-Сол қапталмен жүгіру,қолды артқа айналдыру;
-Қолды алға айналдырып аяққа кезек секіріп жүгіру;
-Артпен жүгіру;
-Қолды белге қойып аяқты алға созып жүгіру;
-Қолды артқа ұстап аяқты артқа бүгіп жүгіру;
-Жай жүріс;

5-6 рет
15 метр
15 метр
15 метр
10 метр
10 метр
15 метр
15 метр
10 метр
10 метр
15 метр
15 метр

15 метр
2

Страницы: 1 | 2  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: