Бейнелеуіш сөздер

Страницы: 1 | 2  >  >>

Пәні: Қазақ тілі
Сыныбы: 6 "В"
Күні: 10 наурыз
Сабақтың тақырыбы: Бейнелеуіш сөздер
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: оқушыларға бейнелеуіш сөздер туралы түсінік беру, қалай жұмсалатыны жөнінен хабардар ету;
2. Дамытушылық: жылдам әрі қатесіз жазу, жазбаша жұмыстарды орындату, еске сақтау қабілетін дамыту;
3. Тәрбиелік: ауызекі сөйлеу кезінде мәдениеттілікті сақтауға, сабақ барысында бірінің сөзін бірі бөлмей сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Пән аралық байланыс: қазақ әдебиеті, бейнелеу өнері
Көрінекіліктер: суреттер, кесте-сызбалар
Қолданатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, талдау әдісі
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастырушылық кезең. (3 мин)
1) Амандасу
2)Оқушыларды түгендеу
3) Үй тапсырмасы. 300-жаттығу. Еліктеуіш сөздердің қай сөзбен тіркесіп тұрғанын көрсетіңдер, мағынасын ажыратыңдар. Қаңқ етер-дыбысқа еліктеу, бір дыбыс шығарар мағынасында. Тық-тық басып жүріп кетті-дыбысқа еліктеу, аяқ киімнің еденге тигендегі дауысы. Дүрс-дүрс соғып-дыбысқа еліктеу, жүректің қатты соғуы мағынасында.
ІІ. Жаңа сабақ. Бейнелеуіш сөздер.
Тәжірибе жасау арқылы бейнелеуіш сөздер туралы түсінік беру. 1-тәжірибе. Кенеттен бір оқушының атын атау. Таңжарық? Таңжарық не істеді?-Жалт қарады. 2-тәжірибе. Шамды жағып сөндіру-жарқ етті. Жүріп келе жатып, кенет тоқтау-кілт тоқтау. Біреуді көрдің бе деген сұраққа білмеймін деудің орнына иығын қиқаң еткізетін адамдар бар ия-қиқаң еткізу. Бір нәрсені жақтыртпаған кезде мұрнының үстін тыржитатын адамдар бар ия-тыржың ету. Тәжірибе қорытындыларын тақтаға жазып отырамыз. Таңжарық жалт қарады. Шам жарқ етті. Мұғалім кілт тоқтады. Иығын қиқаң еткізді. Тыржың ету. Бейнелеуіш сөздер-табиғаттағы заттардың қозғалысын, күйін көру арқылы сипаттайтын, бейнелейтін сөздер.

Страницы: 1 | 2  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: