Адамның жүрісіне байланысты бейнелеуіш сөздерді топтастыру.
бүрсең-бүрсең ербең-ербең
домалаң-домалаң қалбаң-қалбаң
қайқаң-қайқаң балпаң-балпаң
шойнаң-шойнаң томпаң-томпаң
ІІІ. Жаттығу жұмыстары. 302- жаттығу. Бейнелеуіш сөздерді тауып, олардың мағынасын және қай сөзбен тіркесіп тұрғанын көрсетіңдер. Шып-шып терлеп-жаппай терлеп, денеде кішкене тамшы-тамшы болып тұру. Селк етіп-кенеттен оқыс қозғалу. Жалт қарады-жылдам қарады. Қылаң етіп-оқыстан пайда болып. Жарқ ете түсті-жайнай түсті. Жалп-жұлп құлады-бірінің үстіне бірі құлады. Сұлқ түсті-құлап түсті. Селт етті-таңғалды.
ІІІ. Сергіту сәті. Оқушыларға өлең шумақтары оқылып беріледі. Ішінен бейнелеуіш сөздерді табу керек.
Ертегі айтса, ұршығын
Ұмытып әжем кетеді.
Жерде жатқан жүнді алып,
Қайта-қайта түтеді.
Бас қалт-қалт етеді.
"Ерте, ерте, ертеде. . . "
Деп ертегі бастаса,
Аузы балп-балп етеді.
Қалт-қалт етеді, балп-балп етеді бейнелеуіш сөздер. Түсініксіз сөздермен жұмыс. Ұршық-жіп иіретін құрал.
ІV. Қорытындылау.
1. Жаңа сабақты бекітіп, ереже сұрау
2. Үйге тапсырма беру. 303-жаттығу. Бейнелеуіш сөздердің қай сөзбен тіркесіп тұрғанын және мағынасын ажыратып талдаңдар. Жарқ-жұрқ ойнап-біресе жарық болып, күн көзімен шағылысып, біресе сөну.
3. Оқушыларды бағалау
Страницы: << < 1 | 2