Бейнелеу өнерінің түрлері

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

арының" мүсіндері және В. Мухинаның небір әсем шығармалары ағаштан қашалып жасалған. Металдан мүсін жасау үшін алдымен оның моделі жасалады, сонан соң барып сол бойынша қола мен шойыннан мүсіннің өзі құйылады. Сурет өнерінің шығармалары сияқты мүсін өнерінің туындылары да көлемі жағынан шағын, станокты және монументтік түрлерге бөлінеді.
Статуя - адам барлық бойымен тұтас бейнеленген монументтік мүсін. Мүсіннің әсемдік құралдары графикамен, әсіресе живописьпен салыстырғанда өте шектеулі, яғни мүсінші композицияға қоршаған ортаны кіргізе алмайды, кеңістік тереңдігін бере алмайды, бәрі де фигуралардың өзімен - олардың формаларының жинақталуымен, материалымен, фактурамен білдірілуі тиіс. Қаланың сәулетімен, оның алаң, көшелерінің кеңістігімен байланысты болып келетін монументтік мүсінде образдың жинақтылығы, оның аллегориялығы ерекше айқын көрінеді.
Ескерткіштер ұзақ ғасырларға арнап салынады, сондықтан олардың бірегей де біртұтас образы өз уақытының үлкен идеяларын нақтылы түрде көрсетуге тиіс. Мүсіндер өздерінің формалары жағынан қарапайым да айқын болуы, алыстан оңай қабылданатындай әсерлі силуэтке ие болуы тиіс. Мүсінге материал таңдау да ешқашан кездейсоқ болмайды. Бұл - образдың құрама сипаттамаларының бірі, суретші жұмысты ой елегінен өткізе отырып, оған арналған белгілі материалды да міндетті түрде есте сақтайды.
Живопись - бейнелеу өнерінің неғұрлым бай әрі кемел түрі, онда бейнелеудің сан алуан құралдары қолданылады. Суретшілер өнердің ұшы-қиярсыз осы саласына өздері сүйген әуен-тақырыптарды таңдап алады. Біреулері портрет жазғанды ұнатады, екіншілері пейзажды, үшіншілері тарихи, соғыс немес тұрмыстық көріністерді бейнелеуге құштар. Бейнелеу өнгерінің бұлай сипатталуы оның жанрларға бөлінуі деп аталады. "Жанр" - француз сөзі, "

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: