Бейнелеу өнерінің түрлері

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Сабақтың тақырыбы:
Бейнелеу өнерінің түрлері.

Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Оқушыларға тың мәліметтер беріп, білімді
қалыптастыру, жаңа мағлұмат беру және т. б.

ә) Дамытушылық: Сабақ оқытудың негізгі үрдісін есте қалдыру,
оқушы санасына терең сіңіру.

б) Тәрбиелілік: Сурет салдыру арқылы оларды тазалыққа,
ұқыптылыққа үйрету.

Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: Альбомдар, плакаттар, Қарындаштар, ақ қағаз, 5-сынып оқулығы және тағы басқа.

Сабақтың өту барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
4. Тапсырмаларды орындау.
5. Сабақты бекіту.
6. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:
Оқушыларға бейнелеу өнерінің түрлерін терең таныстырамын. Бейнелеу өнері өмірді қолмен ұстап, көзбен көргендей етіп, көркем бейнелер арқылы баяндайды. Көркем шығармалар айналамыздағы дүниені жақсырақ, толығырақ түсінуге үйретіп қана қоймай, ол біздің ой-санамыз бен түйсік-сезімімізге тікелей әсер етеді. Сол себепті біз бейнелеу өнері туындыларын әр деңгейде қабылдаймыз. Олардың мазмұнына мән беріп қараймыз. Бейнелеу өнерінің адам үшін берері мол. Көркем шығармалар арқылы өткен өмір тарихына назар аударып, оны көз алдымызға елестете аламыз. Бейнелеу өнерінің ерекшелігі - суретшінің өз көзімен көріп, түсінген шындығын сол сәтімен айқын көрсетуінде. Суретші образдардың, өмір шындығының типтік жағын таңдап ала отырып, заманның тыныс-тіршілігін жинақтап, жан-жақты бейнелейді. Адамзат өмірінде бейнелеу өнерінің маңызы өте үлкен, оның қоғам өміріндегі рөлі де аса зор. Суретшінің сұлулықты дұрыс түсіне білуінің маңызы зор. Біреулер кемелдікке суреттің композициялық құрылысы арқылы, енді біреулері живописьтік құрылысы арқылы ие болады.

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: