БЕЙБІТ КҮН ЖАСАСЫН ӘЛЕМДЕ

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Тақырыбы: " БЕЙБІТ КҮН ЖАСАСЫН ӘЛЕМДЕ"
Мақсаты:
Білімділік: Балаларға Ұлы Отан соғысы, жеңіс, ерлік, батырлық туралы түсінік, ұғым беру, білімдерін жетілдіру.
Тәрбиелік: Отанды қорғауға, сүйіспеншілікпен қарауға, сүюге, үлкенді құрметтеуге, отан үшін шайқасқа түскен аға- апаларымыздың рухына бас июге, үлкенге - ізет, кішіге-қызмет етуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: Балалардың ақыл-ойын, қиялын,тілін, сөз байлығын, ән айту қабілетін дамыту.
1 - Жүргізуші :
Қамықпаған қиындықтың үрейінен,
Өздеріңе силап қырдың гүлінен
Бүгінгі ұрпақ - бақытты ұрпақ атанып
Құттықтаймыз Ұлы Жеңіс күнімен!
Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар. "Балауса" тобының "Бейбіт күні жасасын әлемде" атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!. Бәрімізге мейрам құтты болсын!!!
Музыка ойнап тұрады.
"Отан қорғаушылар күніне орай мерекелік әскери шеру" (ұлдар мен қыздар)

Мерекені Мемлекеттік Әнұранмен бастайық !
2 - Жүргізуші:
Құрметті балалар! Баршамызға белгілі 9 мамыр ұлы Отан соғысында елімізге жеңіс әкелген күн. Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Қанша бала жетім қалды, қанша ана жесір қалды, қаншама қыршын боздақтарымыз отан үшін өмірін қиды. Соғыс зардабы қаншама жүректерге жазылмас жара салды.
Бірақ, бізге - тыныш жылдар, бақытты өмір сыйлаған ата-бабаларымыздың ерлігін ұмыттырмақ емес! Ерлер есімі - ел есінде мәңгілік сақталады.
ЖАУЖҮРЕК ПОЛКІ
(Сұлтан, Қанағат, Жарқын, Н. Адель, Е. Ерасыл, Кәусар, Еркебұлан)
1 - Жүргізуші:
Жаужүрек полкінің ардагерлері туралы
2 - Жүргізуші:
Тақпақтар:
Тоғызыншы мамырда,
Гүл қоям алау-қабырға!
Еске алып атамды.
Үн қосамын дабырға. Кәусар

Жауынгер біздің саңлақтар,
Жауды жеңген солдаттар.
А

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: