Беріліс қорабың бөлшектеу

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>


Мамандығы: Автомобиль жүргізушісі
Сабақтың тақрыбы: Беріліс қорабың бөлшектеу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды беріліс қорабының негізгі бөлшектерімен таныстыру және оларды бөлшектеу, жинау жұмыстарын үйрету.
Тәрбиелік: Тиянақтылыққа, жинақылыққа және тапсырмаларды нақты дәл орындауға тәрбиелеу.
Дамытушылық: Теориялық білімдерін терендету.
Өткізетін орны: Автокөлік шеберханасы.
Сабақтың материалдық-техникалық жабдықтары: ГАЗ-53 автомобильдің беріліс қорабы, кілт-құралдар, плакаттар, оқулықтар.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, көрсету, өзбетімен тапсырма орындату.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі:
1. Оқушылармен амандасу.
2. Оқушылардың қатысын тексеру, олардың сыртқы келбеті мен жұмыс киімдерін бақылау.
3. Сабаққа қажетті құрал-саймандарын тексеру.

Кіріспе нұсқау.
1. Сабақты түсіндіру - оқушыларға тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
2. Теориялық білімдерін сұрақ - жауап арқылы тексеру.


3. Техника қауіпсіздігі жөнінде нұсқау беру.

Беріліс қорабы айналу моментін шамасы мен бағыты бойынша өзгерту және оны қозғалтқыштан жетекші дөңгелектерге беру үшін тағайындалған. Сонымен қатар ол қозғалтқыш пен жетекші дөңгелектерді ұзақ уақыт бойы, әрі шексіз мерзімге және жүргізуші жағынан күш салмай ажыратылуын қамтамасыз етеді.
Беріліс қорабы: картер-10, қақпақ-5, рычаг-4, қосу берілісінің механизмі, жетекші білік-1, жетектегі білік-8, синхронизатор, аралық білік-12, артқа жүру берілісінің тісті дөңгелек тобынан-9, ашалардан тұрады.


Негізгі бөлім. Оқушылардың өзбетімен жұмысы (практикалық жұмыс)

Беріліс қорабының құрылысымен танысу.
Беріліс қорабының қақпағын ағытып алып, оның біліктері мен шестерняларының орналасуына назар ауда

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: