Ата-аналармен жұмыс жүргізу жолдары
Тек қана ата-аналармен бірге, жалпы күш-жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі мүмкін.
В. А. Сухомлинский
Мақсаты: Балабақшамен ата-ана арасындағы қарым-қатынасты күшейте отырып, отбасында балаға ата-ананың ықпалын арттыру.
Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру; ата-ана бойына өздерін тәрбиеші мұғалім ретінде қарауда қызығушылықтарын дамыту.
Отбасы адамзат бесігінт ербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы-ата-ана. "Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі" деген ата-бабаларымыздан қалған асыл сөздің сырына үңілер болсақ, бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Ата-анаға баладан жақсы ешкім жоқ. Ал бар тәрбиеміздің көзі - ата-бабаларымыздан қалған асыл сөздер, яғни небір кереметтің барлығын ақыл сөздер мен мақал-мәтелдер екені сөзсіз.
1. Тәрбиенің ең тамаша мектебі - отбасы.
2. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады.
3. Балапан қыран болу үшін оны самғатып ұшыратын ата немесе әкеде қыран болуы керек.
4. Баланы 5 жасқа дейін патшадай күт, 10 жасқа дейін құлдай жұмса, 15 жастан асқан соң досыңдай сырлас.
Тәрбиешілердің ата-аналармен жүргізілетін жұмыс барысында берілетін кеңес.
1. Балаға жан және дене өзгерістерінің байланыстарын табуға көмектесу.
2. Барлық ескертулерді шын пейілмен, үстірт бағаламай, айдар тақпай жай түсіндіру.
3. Балалардың бойында салауатты өмір салтының дағдыларын қалыптастыруға бағытталған, салауатты өмір салты мәдениетіне тәрбиелеу. Денсаулықтың маңыздылығын құндылық ретінде түсіну.
4. Дене тұрғысынан жетілдіру. Ертеңгілік жаттығу, күн режимін сақтау, таза ауада болып қимыл қозғалыс ойындарын ойнау.
Ата-аналармен жұмыстың
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>