Баяндама

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

Оның уақытылы ұйықтауға жатуын қадағалаңыз.
Балабақша туралы жаман айтпаңыз, Баланың көзінше тәрбиешілерді сөз қылмаңыз.
Балаңыз балабақшадан берген тапсырмаларға, сіздің қызығушылық танытып, қадағалайтыныңызды көрсін.
Өзіңіз оқыңыз, бала ата-аналарының бос уақытын тек теледидар мен компьютер алдында өткізбейтінін білсін, көрсін.
Компьютерлік ойында ойнауды бала күнінде 20 минуттан асырмауы тиіс.
Егер бала сізбен қатты әсер алған оқиғасыме нбөліссе - сол оқиға жайлы әңгіме құрастыруын өтініңіз, ал кешкісін оны барлық отбасы мүшелеріне оқып беріңіз.
Балабақша өміріне үнемі белсенділік танытыңыз.
Балабақшада сіздің балаңыз өзіне деген өте жағымсыз қатынасқа қақтығысып қалуы мүмкін. Және де барлығы әрқашан іске аса бермейді. Осы сәтте балаға өзіне деген сенімін жоғалтпауға көмектесіңіз.

Жыл бойы жүргізілетін жұмыс жоспарын ата-аналармен бірлесе отырып жасаған тиімді. Себебі, ата-аналар заман талабына сай өзекті мәселерді, отбасы тәрбиесіне байланысты тақырыптарды өздері ұсына алады. Сонымен қатар ата-аналардың ұсыныс - тілектерімен санаса отырып ата-аналарға арналған әңгімелер мен лекциялар, кеңестер мен сұрақ-жауап кештері, тәрбие жұмысын алмасу жөніндегі конференциялар, ата-аналарды педагогикалық әдебиеттермен таныстыру әдіс-тәсілдері қарастырылады.
Ата-аналардың балабақшадағы балалардың өмірін мейілінше қызықты етіп өткізуіне үлес қосу үшін "Шебер қолдар" үйірмесін ұйымдастыруға болады. Балаларды қолөнердің кейбір түрлеріне, кесте тігуге, кейбір ата-аналар ертеңгіліктерге бірігіп декорация жасауға, киімдер тігу, атрибуттар дайындау сияқты жұмыстарға араластыруға болады. Балаларының оларға тән емес ортадағы қылығын, оның басқалармен қалай араласуын, білім деңгейін, құрдастарының оған деген қарым-қа

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: