Қ. Баянбаевтың. Қараторғай ұясы

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>


Бәшенова Зәуреш Жылқышыбайқызы
Қызылорда облысы, Арал қаласы "Жазира" балабақшасы.
І-санатты тәрбиеші.


"Балдәурен" ересек тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
технологиялық картасы
Білім беру саласы:
"Қатынас"
Ұйымдастырылған
оқу іс-әрекеті:
Көркем әдебиет

Тақырыбы:
Қ. Баянбаевтың "Қараторғай ұясы" өлеңін жаттау. Жыл құстары жайлы әңгімелесу.
Мақсаты:
Көктем мезгілінің ерекшелігімен таныстыру, Құстардың негізгі белгілері жайлы түсінік беру, құстардың табиғаттағы тіршілігі, соның ішінде жыл құстарының көктемгі тіршілігі туралы, құстарға қатысты халық болжамдары, пайдасы туралы меңгерту.
Балалардың тілін, ой - қиялын ұштау, дүниетанымын қалыптастыру, құстар әлеміне деген қызығушылығын арттыру. Қалдық материалдармен жұмыс істей білуге қызығушылығын арттыру.
Табиғаттың жаршысы - құстарды қорғауға, аялауға, қамқоршы болуға тәрбиелеу
Көрнекілігі:
Қ. Баянбаев суреті, Құстар туралы слайд, үнтаспа, бос қораптар, қайшы, желім
Сөздік жұмыс:
Пәтер, тұрағым,қонақтау.
Билингвизм.
Птенцы - балапандар, Птицы - құстар, Ұя - гнездо ,Скворечник-қараторғай ұясы, Скворец-қараторғай.
Әрекет
кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-
қозғаушылық
"Шаттық шеңбері"
Алақанды ашайық,
Күннің нұрын салайық.
Таза ауадан салайық,
Жүрек жылуын салайық
Мейірім шоғын салайық.
Жиналған осы шуақты,
Достарымызға шашайық.
Дос дегенің өмірдегі - тірегің,
Дос дегенің кеудеңдегі жүрегің,
Егер досың адал ниет жан болса,
Орындалар армандаған тілегің!
Достық туралы тілектер айту.
Өлең жолдарын бәрі бірге қайталап, достар тур

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: